Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

قسم اللغتين العربية و الإنجليزية

      Ашылған жылы1: 2001 жылдан 2018 жылға дейін «Араб тілі және әдебиеті» кафедрасы болып аталды. 2018 жылдың қазан айынан бастап «Араб және ағылшын тілдер» кафедрасы болып өзгерді.  Оқытушылар саны: 27. Оның ішінде  1 профессор, 12 PhD доктор, 3  ғылым кандидаты, 7 аға оқытушы, 4 магистр.

– 2001-2007 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Махмуд Фуад;
– 2007-2008 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Махмуд Абдул Хафиз;
– 2008-2013 жж аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін PhD доктор Абд ар-Рахман Саад Хасан Мұхаммед Хижази;
– 2014-2018 жж аға аралығында кафедра меңгерушісінің қызметін  оқытушы Нүсіпбаев Еркебұлан Бақытұлы атқарды;
– 2018 жылдың ақпан айынан бастап Араб және ағылшын тілдер кафедрасын PhD доктор Манабаев Бағдат Маханұлы басқарып келеді.

Кафедра 6В01701-«Шетел тілі: екі шетел тілі: (араб, ағылшын тілдері)» мамандығы бойынша болашақ мұғалімдерді даярлайды және исламтану, дінтану мамандықтарында оқитын 1-3 курс студенттеріне және магистранттар мен докторанттарға араб, ағылшын тілдері пәндері бойынша дәріс береді. Кафедрадағы ұстаздар құрамы Қазақстанның жоғарғы оқу орындары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және Египет Араб Республикасындағы Каир, әл-Азһар, Александрия университетін тәмамдаған жоғары білімді де білікті мамандардан құралған.

Профессор-оқытушылар құрамы араб, ағылшын тілдерін оқытудың сапасын жетілдіру мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми семинар-тренинг және дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы дәрістен тыс өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалар жариялап тұрады.

Білім беру бағдарламасының миссиясы мен мақсаты:

Білім беру бағдарламасының мақсаты: білім беру мен тәрбиелеу процесін инновациялық технологиялар негізінде жүзеге асыра отырып, қазіргі заманның    талаптарына сай жоғары білімді бәсекеге қабілетті тіл мамандарын даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламасының миссиясы – шетел тілдерін терең меңгерген (араб және ағылшын), жоғары кәсіби және ғылыми-зерттеу құзыреттілігі бар кадрларды даярлау. 

Білім беру бағдарламасының міндеттері:
— мемлекет және қоғам қажеттіліктеріне сай бәсекеге қабілетті, сыни тұрғыда ойлай алатын білікті мамандарды  даярлауға  бағытталған білім беру;
— оқытылатын тіл елдері туралы елтану, мәдениеттану және лингвомәдениеттану материалдарын меңгеру;
— білім беру үдерісін заманауи және ғылыми негізінде ұдайы жетілдіріп отыру.

– Салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі;

– Тіл теориясы, риторика;

– Шетел тілдерін оқыту әдістемесі

– Ұйымдастыру және жоспарлау

– Қоғамдық тәрбие

– Салауатты өмір салты

– Адамгершілік-рухани тәрбие

– Эстетикалық тәрбие

– Экологиялык тәрбие

– Ұлттық рухани және патриоттық тәрбие

– Құқықтық тәрбие

Практика базалары:

– «Әбу Ханифа» ұлдар колледж-медресесі
– «Үшқоңыр» медресесі
– «АйСаф» жеке қыздар мектебі
– «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті Университеті
– Араб және ағылшын тілдер кафедрасы
– Оқу-әдістемелік барқарма басшысы