قسم العلومالانسانية

تاريخ القسم

  Ашылған жылы: 2001 жыл

     Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Ш.Қалиева (2001-2003), PhD доктор А.Әділбаев (2003-2007), философия ғылымдарының кандидаты Б.Қ.Бейсенов (2007-2008),  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Б.Бәйнеш (2008-2018 ) басқарған.

      2018 жылдан 1 маусымынан бастып кафедра меңгерушісі болып филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Д.А. Қапасова тағайындалды.

     Оқытушылар саны: 16. Кафедрада 10 ғылым кандидаты,  PhD 1, аға оқытушы 4, магистр 1. 

Кафедраның мақсат-міндеттері:

 – Теориялық терең білімі мен практикалық дағдылары бар жоғары білікті, жан-жақты мамандарды даярлау;
– Оқу және тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

      Білім алушылардың білім сапасын жоғарылату мақсатында оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері мен технологияларын тиімді пайдалану;
     Студенттердің ғылыми және танымдық қабілеттерін дамыту, студенттерді елдегі болып жатқан мәдени, рухани, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайлар туралы жан-жақты ақпараттандыру.

التوجيه المعرفي العلمي للقسم

Психология, экономика, тарих, педагогика, ақпараттық коммуникациялық технологиялар салаларындағы өзекті мәселелер; Орыс-қазақ тілдерін оқыту әдістемесі.

Тәрбие жұмысы кафедраның басым бағыттарының бірі болып табылады және келесі іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады: Университетте тілдер апталығын ұйымдастыру және өткізу; «Жас ғалым» тарихи үйірмесінің жұмысы; Орыс және қазақ тілдері бойынша университеттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу; Студенттермен адамгершілік-этикалық тәрбие, қоғамдық орындардағы мінез-құлық, ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті, академиялық үлгерім және т.б. мәселелер бойынша әңгімелер жүргізу; Көрме, мұражай, театрға бару.

Кафедраның негізгі қызметтері

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұжырымдамасына негізделеді және оқытудың әдіснамалық негіздерін дамытуды, озық технологияларды енгізуді, жеке тұлғаны қалыптастыруды және коммуникативтік тәсілдердің қарқындылығын арттыруды қамтиды.

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары:

а) психология, экономика, тарих, педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өзекті мәселелері;
б) тілдерді оқытудың теориясы мен әдістері.

Кафедраның оқу-әдістемелік қызметі исламтанушы, дінтанушы, теолог пен филолог мамандар үшін кәсіби дайындықты қамтамасыз ететін гуманитарлық білімнің тұтас жүйесін дайындауға, негіздеуге және жүзеге асыруға бағытталған.
Гуманитарлық пәндерді оқыту сапасын арттыру мақсатында кафедра оқытушылары тұрақты түрде оқу-әдістемелік және ғылыми семинарлар, тренингтер, сонымен қатар Қазақстан тарихының, информатика, экология, психологияның өзекті мәселелері, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерін оқыту әдістері бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, өткізіп отырады. Кафедра оқытушылары халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары үнемі оқу құралдары мен электронды оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, дәрістер жинақтарын, монографиялар шығарады, ғылыми журналдарда мақалалар жариялайды. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы қажетті құжаттармен реттеліп отырады: білім беру стандарттары, барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу жоспарлары, лауазымдық нұсқаулықтар мен кафедраның жұмыс жоспары.

أعضاء هيئة التدريس

Оқытушылар саны: 16.

Кафедрада 10 ғылым кандидаты,  PhD 1, аға оқытушы 4, магистр 1.