Previous
Next

Ақиық ақынның 90 жылдығы аталып өтті

Бір ән бар, бүгінгі ұрпақ естімеген...

«Алла» дегеннің барлығын жау көріп, дүмшелікке шығарған атеизмнің «гүлденген» шағында:

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!
Құбылаға бет алып қол қусырып,
Сәждеге жығылатын қайда күнім?
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін….-деп

 жүректегі үміттерді үкілеген ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы тұнып тұрған қазынаның көмбесі іспетті.

      Нұр-Мүбарак университетінің студенттері ақын өлеңдерін оқып, өмірінен үзінділер келтіріп, тылсым әлемге саяхат жасағандай күй кешті. Себебі бірінші курс студенттері үшін кеңестік идеология тек тарих сабақтары мен ел аузынан ғана таныс. Ал «ғасыр ақыны» атағына ие болған мұзбалақ ақынның өлеңмен өрілген жыр маржандары сананы сілкіп, рухты көтере түскенін аңғаруға болады.

«Алла – ақиқат.
Аллаға сеніп өтем,
Адалдық пен ақиқат серігі екен.
Адаспаймын, Аллама сеніп өтем,
Арамдыққа баспаймын – жолы бөтен!»деген

ақынның әрбір жыр жолдары сол замандағы еркіндікті аңсаған әр қазақтың жүрек үніндей естіліп жатты. Ақын өмірі жайлы арнайы хабарлар мен телебағдарламалардан үзінділер қойылып, жастар дүниетанымын ғана емес, қазақ поэзиясына деген құрметтерін арттыра түскендей.

   Университеттің Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің директоры Жандос Нысаналиев: «Бұл ақын шығармашылығына арналған кеш қана емес, бұл болашақта тұлғалық қасиеттеріңізді саралап, қоғаммен араласуға жасаған қадамдарыңыз,»-деп студенттердің  талпынысын жоғары бағалап, басшылық атынан ризашылықтарын білдірді.

Айша КЕҢЕСБАЙ
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

رد واحد على “Бір ән бар, бүгінгі ұрпақ естімеген…Ақиық ақынның 90 жылдығы аталып өтті”

  1. يقول Маржан Алимбекова:

    Қаймағы бұзылмаған ислам дініміздің іргесін бұзбай берік ұстайтын саналы да білімді жастарымыздың қатары көбейе берсін!

اترك تعليقاً

لن يتم نشر عنوان بريدك الإلكتروني. الحقول الإلزامية مشار إليها بـ *

235