News

Араб тілінен I университеттік олимпиадаға 92 студент қатысты

19/04/2018

Нұр-Мүбарак университетінде  тұңғыш рет Араб тілі бойынша 1 курс студенттері арасында университеттік олиимпиада өз жеңімпаздарын анықтады. Ғылым тілі – араб тіліне деген қызығушылық пен ынта-ықыласты арттыру мақсатында «Араб тілі және әдебиеті» кафедрасының жетекшілігімен алғаш рет ұйымдастырылған бұл білім бәйгесіне  исламтану, дінтану, шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты (медресе, дайындық курстан өткен студенттерден басқа). Екі турға бөлінген бәйгеге 92 студент қатысып, грамматикалық тест, сөздік тапсырма, диктант бойынша іріктеліп,  24 шәкірт ақтық сынға өтті. Ал араб тілі саласының ғалымдары фиалистерді тыңдалым және сұрақтарға жауап беруі, сөйлеу бойынша зейіндерін саралады.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына университет ректоры, профессор Жуда Басюнидің өзі арнайы келіп, барлық шәкірттерге, қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Араб тілін білудегі артықшылықтар мен мүмкіндіктерге тоқталып өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орын  Әнуарбеков Мейіржан, 2-орын Жаңбырбай Динара, 3-орын Мырзабек Самал иеленді. Жеңімпаздарға университет тарапынан бағалы сыйлықтар мен арнайы сертификат берілді. Ал 3 студент: Байжигитов Нуржан, Кемербаев Данияр, Сартбаев Дастанбек  ынталандыру сыйлығына ие болды.

Араб тілі филологиясынан  әл-Азһарлық ғылым докторлары Дыя Хамада, Дусуқи Хажаж, Саид Хасан мырзалар жақын уақытта келісімшарт мерзімінің аяқталуына сәйкес Мысырға оралатындарын айтып, білімге ұмтылған жастарға Құран тілін, араб тілін аманат екендігін де ескертіп өтті. Ал  алғашқы баспалдаққа аяқ басқан студенттер болса, аманатты барынша абыроймен алып жүруге ынталы екендігін аңғартты.

 

 

 

 

 

 

 

Мырзабек Самал 3-орын

Жаңбырбай Динара 2-орын

Әнуарбеков Мейіржан 1-орын

 

 

Related news