Қашықтықтан білім беруге байланысты оқу пәндерінің мазмұны мен құрылымы пысықталды

Өзекті мәселе

     Қазіргі пандемиялық жағдайларға сай қашықтықтан білім беруге байланысты әрі  оқытушы-профессорлық құрам мақсатын қолдау мақсатында көктемгі семестрге дайындық күшейтілді. Нұр-Мүбарак университетінің Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы Маржан Жолмағанбетова мен Декан орынбасары Қалмахан Ержан бастап оқытушылардың әзірлеген білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын талқылады.

     Білім беру бағдарламасының мазмұны мен құзіреттілігіне сәйкес әзірленетін оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) – білім алуышлардың сапалы әрі жүйелі білім алуына жетекшілік ететін маңызды құжат.

      Сондықтан оқу үдерісін жақсарту және оны заман талабына сай жаңалап отыруды университет басшылығы үнемі басты назарда ұстайды. Кафедралардың оқу-әдістемелік бюро мүшелері мен оқытушылар қатысқан талқылау барысында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына әзірленген оқу пәндерінің мазмұны мен құрылымы жеке-жеке талқыланып, деңгейлер бойынша жүйелік тәртібі анықталды.       

      Сондай-ақ ОЖБ әзірлеу мен бекітудің нысаны, құрылымы мен тәртібі түсіндірілді. Кафедра оқытушыларына силлабустардың мазмұнын талқылап, білім беру сапасын көтеру мақсатында сала мамандарынан академиялық топ құру керектігі ескертілді. 

141