ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Болашаққа әлемдік әріптестермен бірге...

      Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстандағы ислам дінінің  білімі мен ғылымының туын көтеріп, іргетасын  қалаушы жоғары білім ордасы. 20 жылдық тарихында жаңадан бой көтеріп, әлемдегі әріптес ЖОО-мен иық тіресетін жағдайға қол жеткізді. Соның бір айғағы Халықаралық  дәрежеде институттармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, маман даярлап, ұстаздардың біліктілігін арттыруда өзара үндестік табуда. 
      Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге  шет елдік оқу орындарымен тығыз байланыста. Шет елде білім алушы қазақстандық студенттерді қадағалаумен қатар әріптес ЖОО-мен қарымс-қатынасты үнемі пысықтап келеді.

Халықаралық істер жөніндегі басқарма секторлары

Халықаралық байланыстар жөніндегі сектор

Университетте халықаралық қатынастарды дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады

Шетел студенттері жөніндегі сектор

Сектордың негізгі қызметі оқуға немесе жұмыс істеуге келген шетел азаматтарын уақытылы тіркеу, сонымен қатар рұқсатнаманың мерзімін ұзартып, рәсімдеу

Академиялық ұтқырлық секторы

Білім алушыларының академиялық ұтқырлығы мен қызметкерлерінің ғылыми іс-сапарға шығуын ұйымдастырудың жалпы тәртібін анықтайды 

  •   Университетте халықаралық қатынастарды дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
  •      Халықаралық білім беру көрмелеріне қатысуды қамтамасыз ету;
  •  Білім және ғылым саласындағы шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеуге және қол қоюға қатысу;
  •  Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми жобаларды халықаралық деңгейде дайындау;
  •   Шетелдік сапарларды ұйымдастыруға қызметкерлер мен қызметкерлерді қолдау;
  •  Студенттердің, профессорлық-оқытушылар құрамының, университет қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан студенттерді «Нұр-Мүбәрак» мектебінде оқыту үшін тарту, кеңес беру және ұйымдастыру бойынша есеп айырысу, тіркеу;
  •       Халықаралық әріптестік пен келісімдерді құру, көтермелеу және нығайту;

Байланыс

Халықаралық ынтымақтастық жөнінде сұрақтар бойынша

Мансурова Талифа Маратовна 
Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар секторының меңгерушісі

Эл.почта: nmu.international@gmail.com