Қадірлі Құрансүйер қауым! Құрметті „Нұр-Мүбарак„ университетінің студенттері!
Сіздерді сәуір айының 15 жұлдызында сағат 10:00-де „Нұр-Мүбарак„ университетінде қасиетті Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін бәйгені тамашалауға шақырамыз.
Рахымды Раббымыз қасиетті Құранда:„Қашан Құран оқылса, Оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мейірімге бөленерсіңдер„,-деген („Ағраф„ сүресі 204-аят). Сондықтан Құран жолында ілімін дамытып жатқан жастардың біліміне куә болыңыздар. Құран Кәрімде „Сондай-ақ, Құранды өте анықтап оқы„ („Муззаммил„ сүресі, 4-аят.) десе, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде:„Сендердің ең жақсыларың — Құранды үйреніп, Оны үйреткендерің!„-деген. Ендеше Алланың нұры мен мейіріміне бөленуге асығыңыз ағайын!
Университеттің ер шәкірттері арасында өтетін сайыс 4 бағытта өтеді:
1. 2 пара (29,30);
2. 3 пара;
3. 5 пара;
4. 15 пара.
Жүлделер: Жеңімпаздарға қаржылай және бағалы сыйлықтар табыс етіледі!
Ескерту: 3-4 курс студенттері 2 парадан қатыса алмайды және Құранды толық жаттаған хафиздар 5 парадан төмен қатыса алмайды.