Бұл аптада Дінтану кафедрасының меңгерушісі, Доктор PhD. Ж. Жұмашова:
-«Зерттеу жұмысының жоспары мен кіріспесін жазудың талаптары мен ерекшеліктері»;
– Нұр-Мүбарак ЕИМУ Қашықтан білім беру бөлімінің басшысы Е. Мендыбаев «Қоғамдық-әлеуметтік зерттеулердегі статистикалық әдістер»;
– Гельван Университетінің Мұражайтану мен мұралар зерттеуі бойынша магистрі Fatima Mayan «Каирдегі Ислам архитектурасы»;
– Нұр-Мүбарак ЕИМУ ғылым бөлімінің басшысы Доктор PhD. Д. Сихимбаева (офлайн) «Ислам және Ұлт: Ғаламдық Умма және ұлттық бірегейлік»;
– Измир Катып Челеби университетінің Ph.D доктор, доценті Селчук Түрікиылмаз «Білім берудегі жаңғыру үрдістері: қадимшілдік пен жәдитшілдік шиеленістері»;
Нұр-Мүбарак ЕИМУ Дінтану кафедрасының PhD Докторы М. Исахан дін саласында ізденушілерге өзекті тақырыптар бойынша дәрістер берді.
Келесі дәрістер легі 15-19 наурыз аралығына жоспарлануда. Сондықтан өткен дәрістерден алған әсерлеріңіз бен қандай тақырыптағы лекцияларды тыңдауды, қай ұстаздардың дәрісін таңдағыларыңыз келетініне бұйымтай жасауларыңызға болады. Әрі комментарийде жаза отырыңыздар.
Айша КЕҢЕСБАЙ
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі