Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
News

Араб тілінен қосымша практикалық сабақтар жүзеге асуда

14/02/2020

Әлемде  қолданылу жағынан  бесінші орынды еншілеген  Құран мен ғылым тілі яғни  араб тілін үйрену  – Нұр-Мүбарак университеті студенттері үшін аса маңызды білім белесі. Осыған орай, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің ұйымдастыруымен әр аптаның сенбі күні араб тілінен тегін  қосымша сабақтар қойылған.

Дәрісте студенттің бойындағы қорқынышын жеңуге, араб тілінде еркін сөйлей алуына аса мән беріледі.

Қазіргі таңда қатысушылар 5 топқа бөлінген. Атап айтар болсақ, 3 ұлдар  және 2 қыздар тобы.

 Еске салсақ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 20 араб профессор – оқытушылар қызмет етеді.

 

Related news