Нұр-Мүбарак студенті Халықаралық «Абай, Мұқағали және Махамбет» оқуларында Бас жүлдеге ие болды

«Ұстазы мықтының – ұстамы мықты»

«Ұстазы мықтының – ұстамы мықты»

Нұр-Мүбарак университетінің  3-курс студенті Хибадат Жақсылық халықаралық шығармашылық байқауында мыңнан тұлпар атанды. Өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп жеткізу үшін болашақ дінтанушы Хибадат Жақсылық «Үш бақытым»  өлеңін нықышына келтіріп оқыды. «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» демекші, жеңімпазды жетелеген университет оқытушысы PhD, қауымд.профессор   Қалмахан Ержан Сейтұлы да Құрмет грамотасымен марапатталды.

 «Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, жан-жақты тұлға қалыптастырудағы жетістіктері үшін және Халықаралық  оқуларына шәкірт даярлап, жетістікке жетуі үшін елеулі еңбек атқарғаны үшін»,-деп ұйымдастырушылар Қалмахан Ержанға ризалықтарын білдірген.

Онлайн өткен байқау мақсаты Төтенше жағдайға қарамастан жастардың  шығармашылық жолындағы ізденістері мен шабыттары тоқырауға ұшырамас үшін, шығармашылықпен айналысуға ешқандай жағдайлар кедергі келтірмейтіні, кез келген уақытта өнерлерін шыңдауға болатынын көрсетіп, шабыт сыйлау. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі өнерпаздармен, алыс-жақын шет ел өнерпаздарының басын біріктіріп, өнерлерін паш етіп, халыққа кеңінен таратып, бүлдіршіндерді елге таныстыру. Шығармашылық байланыс орнату,-дейді ұйымдастырушы «Алаш өнер орталығы» өкілдері.  

Жеңімпаз  Хибадат Жақсылық  ҚР үздік студенттер академия мүшесі, ҚР дарынды жастарының «Алтын төсбелгі-2020» иегері, «Дара Жұлдыз» төсбелгі иегері, ҚР жастарының «Алтын кітабы»атты  республикалық жобасының жеңімпазы, ҚР жастарының 100 жаңа есімі, аудандық, облыстық және республикалық олимпиада мен конкурстардың лауреаты.  Қ.А.Яссауидің 30 хикметін, Абайдың 20 өлеңін және т.б. ақындар өлеңін жатқа біледі

Нұр-Мүбарак университеті жеңімпаз студент Хибадат Жақсылықты мақтан тұтып, жаңа белесімен құттықтап, зор табыстар тілейді!

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

443