Нұр-Мүбарак университетінде Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры тағайындалды

«Жас келсе іске...»

«Жас келсе іске...»

Діни экстремизмге қарсы және терроризмнің алдын алу шаралары елде ғана емес, әлем бойынша өзекті  түйткілдердің бірі болғандықтан, еліміздегі бірегей ислами білім ордасы Нұр-Мүбарак университеті бұл салада өз әлеуетін барынша қолдануда. Осы мақсатта құрылған Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығына жас болса да біршама жетістіктерімен танымал, белгілі дінтанушы Тимур Нүсіпхан тағайындалды.

      Тимур Нүсіпханұлы  эктремизмге қарсы іс-шараларда сауатты іс-қимылы мен білігі арқылы өзін танытып үлгерген жас маман. Бірнеше тілді меңгерген, шетелдік тәжірибелерден де хабардар. Сондықтан біз оған үлкен сенім артып отырмыз

Қайрат Құрманбаев

Университет проректоры , Phd доктор, доцент

Тимур Нүсіпханұлы осыған дейін Алматы облысының Дін істері басқармасы құрамында қатардағы қызметкерліктен бастап, өңірлік сектор басшысы қызметтерін атқарып, облыс бойынша АТТ, ҚР РАТТ (Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы) мүшесі, түрлі деңгейдегі алғыс хаттар, төсбелгілермен марапатталған.  Сондай-ақ Түркия мемлекетіндегі Хитит университетінің Теология факультетінің магистратуралық білімін жетілдіріп, елге оралған ол Нұр-Мүбарак университетіндегі жаңа қызметін өзіне үлкен жауапкершілік ретінде бағалауда.

 

 

 

 

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті елімізге дін саласында білікті де білімді мамандар даярлап отырған бірегей жоғары білім ордасы. Университет басшылығының Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығын басқаруға маған сенім артуы үлкен жауапкершілік әрі сын деп есептеп, сенімді ақтауға тырысамыз,-деп ойымен бөлісті.

«Жас келсе іске» деп бұл тағайындау жаңа толқын, тың жобаларға бастама деген сенім де мол.

Айша КЕҢЕСБАЙ

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

465