News

Қыздар арасында өткен волейболда Нұр-Мүбарак студенттері жеңіске жетті

28/02/2020

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында волейболдан қыздар арасында жолдастық кездесу өтті.

Аталмыш оқу орнының мұрындық болуымен алғаш рет ұйымдастырылған сайыстың мақсаты – жастардың денсаулығын нығайтып, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Тартысты өткен жарысқа Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қыздар құрама командасы жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Лаура Асқарбекқызы және Айдар Жұбанышұлының жетекшілігімен,  тәрбие бөлімі және әлеуметтік даму департаментінің қолдауымен қатысты.

Қорытынды есеп бойынша Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қыздар командасы 3:2 есебінен жеңіске жетті.

Related news