News

Нұр-Мүбарак университеті – ҚР ЖОО арасында жемқорлықтан ең таза университет

03/08/2020

Қазақстан студенттері Альянсы елімізде алғаш рет тікелей студенттер, магистранттар, докторанттар мен түлектердің бағалауы бойынша ЖОО-ның рейтингі жасады.

Сауалнамаға 14 мамыр-20 маусым аралығында еліміздегі 14 облысы мен 3 мегаполистің жоғары оқу орындарының білім алушылары мен бітіруші түлектері қатысқан.

Студенттеральянсының президенті Ілияс Түстікбаев: «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2020 жылдың ақпан айындағы мәліметтеріне сәйкес, 2019-2020 оқу жылында елімізде 604 345 студент білім алуда. Оның 112 247-сі біз жасаған әлеуметтік сауалнамаға атсалысты, бұл республикадағы жалпы студенттер санының 18,6%-ын құрайды. Сауалнамаға қатысқан 112 247 білім алушы мен түлектердің 84.25% – студент, 4,7% – магистрант, 0,8% – докторант және 10,25% – түлектер. Әлеуметтік сауалнама сілтемесі БАҚ, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері, сонымен қатар Қазақстан студенттер альянсының өңірлік филиалдары, белсенділер күшімен студенттер арасында және WhatsApp желісі топтарында таратылды

Әлеуметтік сауалнамаға өмірдегі маңызды сәттер мен мәселелерді шешетін 9 тақырып таңдалып алынды. Олар – білім беру бағдарламасы, материалдық-техникалық базасы, сыбайлас жемқорлық, жұмыспен қамту, жатақханалардың жағдайы, асханалардағы тамақ сапасы мен бағасы, университет басшылығының ашықтығы, студенттің өзін-өзі басқару деңгейі және мамандық таңдау себебі. Рейтинг жоғары білімді тәуелсіз бағалау, абитуриенттерге кәсіптік бағыт-бағдар беріп, жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету, еліміздегі білім жүйесін дамытуға үлес қосу және ҚР Білім орындарына жауапты министрліктері мен ЖОО басшылықтарына ұсыныстар әзірлеуге бағытталған».

Сауалнама нәтижесіне зер салсақ, жемқорлықтан ең таза университет – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті болып анықталды.

Related news