Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

2020

«ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі – 2020» жобасы бойынша Нұр-Мүбарак университеті ТОП-20 үздік университеттер қатарында

Жыл сайын «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» жүргізетін жоғары оқу орындар арасында «ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі – 2020» жобасы бойынша биылда Нұр-Мүбарак университеті  Қазақстан бойынша қатысқан 89 университеттер арасынан алғашқы ТОП-20 үздік университеттер қатарында келеді.

Рейтингке қатысуға республика бойынша 89 ЖОО өтініш беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген.

Ұлттық рейтингте университеттің 6 білім беру бағдарламалары қатысып, оның алтауы да жүлделі бірінші орынға ие болды. Қатысқан мамандықтар: Исламтану – бакалавриат, магистратура, докторантура. Дінтану – бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлері.

Ескере кететін жайт Білім және ғылым министрлігінің жаңа талаптары бойынша Білім беру бағдарламалары классификацияға топтастырылды. Ұлттық рейтинг сертификаттары классификация бойынша берілді. «Дін және Теология» классификациясына Исламтану және Дінтану білім беру бағдарламалары кіреді.

Оқу бағдарламасының тобы: Балл Орын
6В033 – Дін және Теология (Исламтану, Дінтану) 2347 1
7М051 – Дін және Теология (Исламтану, Дінтану) 352 1
8D051 – Дін және Теология (Исламтану, Дінтану) 1782 1