Орталық туралы
- Оқу орнының жанында 2011 жылдан бері Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Орталық Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қызметінің негізгі бағыттары бойынша кешенді зерттеулердің орындалуын қамтамасыз етуші, сондай-ақ оқу орнының ғылыми-зерттеу, баспа жұмыстарын үйлестіретін және ұйымдастыратын құрамды бір бөлігі болып табылады. Бұрын орталыққа РhD докторлар Алау Әділбаев, Қайрат Құрманбаев жетекшілік жасаған. Қазіргі директоры: филология ғылымдарының докторы, профессор ‒ Шамшәдин Керім.
Орталықтың құрамы
- Алау Әділбаев – Теология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, бас ғылыми қызметкер.
- Сырым Шәкизада – Магистр, PhD докторанты, аға ғылыми қызметкер
- Данияр Сүлейменов – Магистр, PhD докторанты, ғылыми қызметкер
- Ажар Сыздықова – Магистр, кіші ғылыми қызметкер.
Орталықтың мақсаттары
- Республикадағы исламтану бағытында қызмет жасап жатқан діни оқу мекемелерін ханафилік мектептің тәлім-тәрбиесін насихаттайтын кітаптар, әдебиеттер оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттермен толыққанды қамтамасыз етуге көмектесу;
- Ханафи мазһабы шеңберінде қазақстандық дін ғалымдарының еңбектерін анықтау әрі жинау;
- Ислам өркениетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан қазақ дін ғұламаларының шығармашылығын зерттеу, олардың мұраларын кеңінен насихаттау;
- Ханафи мазһабына қатысты қолжазбаларды жинақтап, тарихи-классикалық шығармаларды аударып, жариялаумен қатар заман талаптарына сай шығарылған заманауи фиқһ ғалымдарының еңбектерін де ғылыми қолданысқа түсіру;
- Шет тілдердердегі ислам құндылықтарына насихаттайтын ғылыми, ағартушылық көпшілікке арналған кітаптарды, діни оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын іріктеп, аудару, сөздіктер құрастыру;
- Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми жұмысқа деген белсенділігін арттыру, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламалар мен гранттық байқауларға қатыстыру арқылы университетті біртұтас ғылыми-инновациялық кешенге айналдыру;
- Студенттер мен жас мамандардың ғылыми потенциалын дамыту, сондай-ақ олардың арасынан неғұрлым қабілетті және дарындыларын университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстарына тарту.
Жарық көрген еңбектер
- 50 000 сөз енген арабша-қазақша сөздік;
- 14 жыл үздіксіз жарық көрген 17 томдық халықаралық конференция жинағы;
- Исламтану зерттеулер сериясы: 4 монография;
- 8 оқулық мен оқу құралы;
- 8 аударма кітабы
- Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 73.
- Почта: abuhanifa@nmu.kz
ӘБУ ХАНИФА ҒЗО-ның ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 25 ЖЫЛДЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ТАРТУЫ!