• Бас бет
  • Академиялық ұтқырлық секторы

Академиялық ұтқырлық секторы

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениет университетінің дамуының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда университетте ішкі және сыртқы академиялық мобильділік бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда.

 

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ — cтуденттердің шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуы, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың шетелдік білім беру және ғылыми мекемелеріндегі қызмет атқаруы.

 

ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ — жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында студенттердің білім алуы, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың қызмет атқаруы.

 

Ішкі (қазақстанаралық) академиялық ұтқырлық – бұл нақты академиялық мезгіл ішінде білім алушының, оқытушы-зерттеушілердің ауысып немесе зерттеу жүргізуі: Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына бір семестрге немесе бір оқу жылына міндетті түрде кредиттерді қайта санау негізінде білім алу бағдарламасы бойынша өз оқу орнында немесе басқа оқу орнында білімін жалғастыру болып табылады.

 

Ішкі академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуді академиялық мәселелер бойынша Департаменттің оқу үдерісі бөлімі (Бағдарлама үйлестірушісі-ОБ) жүзеге асырады.

 

Білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бекітілген бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.Үйлестіруші – Әлім Баймұрат Жанболатұлы 8(702)9224448

Положение Нур-Мубарак

Требование

Форма акад моб заявление и соглашение