Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

14-26 қыркүйек күндері 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтеді

14/09/2020

14-26 қыркүйек аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушы-профессор құрамына «Қашықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау әдістері» атты 72 сағаттық онлайн форматта біліктілікті арттыру курсы өтеді.

Курстың мақсаты – біліктілікті арттыру бағдарламасының тыңдаушыларына электронды оқыту құралдарын таныстырып, әлемдегі қашықтан оқытудың әдістерін түсіндіру. Тәжірибе түрінде қашықтан оқыту технологияларын ЖОО-на енгізіп, әрі қолдануды көрсету.

Сонымен қатар курста электронды оқу материалдарын құрастыруға арналған заманауи бағдарламалық құралдары пайдалану қолданылады.

Одан өзге курс барысында қашықтан оқу үдерісіне, электронды оқыту, құрастыру методологиясы мен технологиялар негіздері де қарастырылады.

Біліктілікті арттыруға арналған 72 сағаттық курсты Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорлар құрамы тегін оқып, курс сонында портфолио тапсырады.  Ал портфолионы комиссия алдында сәтті қорғаған оқытушылар сертификатқа ие болады.

Курс туралы толық ақпарат: Қашықтан білім беру орталығы

Байланыс телефоны: +7 702 544 81 59.

Ұқсас жазбалар