• Бас бет
  • Хабарландырулар
  • ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! ҚР ЖОО студентттері арасында өтетін дәстүрлі ғылыми-зерттеулік бәйгеден қапы қалмаңыздар!

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! ҚР ЖОО студентттері арасында өтетін дәстүрлі ғылыми-зерттеулік бәйгеден қапы қалмаңыздар!

19/02/2018

СҒЗЖ жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2018 жыл 20 ақпанына дейін ғылыми жұмыс тақырыбын, ғылыми жұмыс мәтінін эл.поштаға беру керек.

Нұр мүбарак египет ислам мәдениеті университеті студенттері! 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!!!

ҚР БҒМ және Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің ұсынысымен, ЖОО жыл сайынғы студенттік ғылыми-зерттеулік конкурсы ұйымдастырылуда. Осыған орай Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті студенттік ғылыми-зерттеулік жұмысының (әрі қарай СҒЗЖ) І-сатылық конференциясын өткізуде. Конференция нәтижесі бойынша үздік СҒЗЖ конкурстың 2-ші және 3-ші сатысына жолданылатын болады. Конкурстың 2-ші және 3-ші сатыларының талаптары туралы қосымша ақпаратты кафедраларыңыздан алуға болады.

 

Құрметті жас ғалымдар!!!

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 2018 жылдың 23 ақпанында «Қазіргі кезеңдегі дін: мәселелері және шешімдері» атты жалпыуниверситеттік конкурстық студенттік ғылыми конференция өткізілетіндігін хабарлайды.

Конференция мақсаты:

Нұр-Мүбарак ЕИМУ студенттерінің кәсіби деңгейлерін арттыру, ғылымға баулу арқылы, ой бөлісуге, зерттеулер жүргізуге, шыңдалуға баулу.

Конференция бөлімдері:

  1. Дінтану ғылымының Қазақстандық жастардың діни-танымдық білімін жетілдірудегі рөлі.
  2. ҚР исламтану ғылымының дамуы және мәселелері
  3. Араб тілі және филология зерттеулері
  4. Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі.

 

СҒЗЖ жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2018 жылдың 20 ақпанына дейін ғылыми жұмыс тақырыбын, ғылыми жұмыс мәтінін эл.поштаға беру керек.

Ғылыми жұмыс төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Ғылыми жұмыс мәтіні 20-30 бет көлемінен аспау және кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс.
  2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2 см, төменгі жағы -2см, сол жағы-2см, оң жағы 2 см.

3.Шрифт:  Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

  1. 1,5 — Аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.
  2. Ғылыми жетекшінің пікірі.
  3. Сын пікір (басқа университет ұстаздарынан)
  4. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында және тізім тәртібіне сәйкес жазылады. Мәтінде әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі еңбек нөміріне сәйкес нөмір қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін  көрсету керек.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Дінтану кафедрасы. 2-корпус, 2-қабат. 201 ауд.

электронды: konfnurmubarak1@yandex.ru