«6D021500 – Исламтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Акимханов Аскар Болатбековичтің «Әбу Мансур әл-Матуридидің иман мәселелеріне қатысты ұстанымы (Китәб әт-тәуиләт атты еңбегі негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасында орындалған.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Рецензенттер:
- Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы – философия ғылымдарының докторы, доцент, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, мамандығы – 09.00.11.
- Абжалов Сұлтамұрат Утешұлы – философия ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті, Дінтану кафедрасының доценті, мамандығы – 09.00.13.
Ғылыми кеңесшілері:
- Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Дінтану кафедрасының меңгерушісі Ә.Қ. Муминов;
- PhD докторы, Анкара университетінің профессоры Сөнмез Кутлу (Анкара қ., Түркия Республикасы).
Қорғау 2017 жылы 17 қаңтар сағат 10.00-де Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы исламтану бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050016, Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, әл-Фараби даңғ., 73, № 307 аудитория
Басылым күні: 14.12.2016