Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Бакалавриатқа қабылдаудың шарттары мен мерзімдері

06/04/2020

Құжат қабылдау 2 кезеңнен тұрады:

1)Platonus платформасы арқылы қашықтықтан құжат тапсыру. Мерзімі: 1-15 сәуір аралығы.

Құжат тапсыру сілтемесі: http://edu.nmu.kz/

Бакалавриатқа қашықтықтан құжат тапсыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізімі:

  • Аттестат (диплом) қосымшасымен (скан-көшірмесі);
  • Жеке куәлік (скан-көшірмесі);
  • 3х4 үлгісіндегі сурет (электрондық нұсқасы);
  • 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама скан-көшірмесі (флюорографиялық сурет және анықтамада талапкердің суреті және суреттің үстінде медициналық тексеруден өткен мекеменің мөрі болуы міндетті);
  • Әcкери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік(скан-көшірмесі);
  • Жетістіктері болса, диплом немесе сертификат (скан-көшірмесі);
  • Жеңілдіктері болса, растайтын құжатының скан-көшірмесі;
  • Сонымен қатар, міндетті мәліметтер ол қамқоршыларының (ата-ана) аты-жөндері, телефон нөмірлері, пошталары(міндетті емес), мекен-жайлары және де талапкердің телефон нөмірі, поштасы болуы тиіс.

2)Тіркеу кезінде енгізген электронды поштанызға өтінішініздің қабылданғаны туралы хат келген соң 15-30 сәуір аралығыда Нұр-Мүбарак ЕИМУ-ң қабылдау бөліміне құжаттарыныздың түпнұсқаларын өткізуініз қажет.

Университетке құжат қабылдау 1 сәуірден бастап 24-тамыз аралығында өтеді.

Гранттық немесе ақылық негізде оқуға түсуге Орта білім беру ұйымдарының және Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) беру жүйесінің ағымдағы және өткен жылғы түлектері үшін ҰБТ тапсыру міндетті. Өтініштерді қабылдау мерзімі: 1сәуірден 30 сәуір аралығы,

Тестілеу мерзімі: 20 маусым мен 5 шілде аралығы.

Гранттық немесе ақылық негізде оқуға түсуге халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, ҚР-ң азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсыру міндетті. Өтініштерді қабылдау мерзімі: 1 сәуір мен 5 мамыр аралығы. Тестілеу мерзімі: 20 маусым және 5 шілде аралығы.

Шекті деңгей баллын жинай (жалпы 50 баллдан немесе әр пәннен 5 баллдан төмен жинағандар) алмағандар және ҰБТ-ге мүлде қатыспағандар, оқуға ақылық негізде түсу үшін міндетті түрде ҰБТ-ді қайта тапсыруға өтініш білдіреді. Өтініш білдіру мерзімі: 25 шілде және 3 тамыз, тапсыруға рұқсатнама алу мерзімі: 12-14 тамыз, ҰБТ-ді қайта тапсыру мерзімі: 17-20 тамыз аралығы.

Шығармашылық емтиханға құжаттарыныздың түпнұсқасын маусымның 20 мен шілденің 7-не дейін тапсыруыныз қажет.

Шығармашылық емтихан Нұр-Мүбарак ЕИМУ-де шілде айының 8 мен 13 аралығында өтеді.

ТжКБ түлектері сәйкес мамандықтар бойынша қысқартылған білім беру бағдарламасыңа оқуға ақылық негізде түсу үшін қабылдау емтихандарынан босатылады. Құжат қабылдау: тамыз айының 24-не дейін.

Тамыз айында өткен ҰБТ-ден шекті деңгей баллын (жалпы 50 баллдан немесе әр пәннен 5 баллдан төмен жинағандар) жинай алмағандар, университетке шартты түрде оқуға түсіп, ақылық негізде қаңтар айында өтетін ҰБТ-ге дейін оқи алады.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін міндетті түрде 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ден шекті деңгей баллын (50) жинауыныз қажет. Конкурсқа өтініш беру мерзімі шілде айның 13-20 аралығы.

«Нұр-Мүбарак» ЕИМУ-не оқуға қабылдану 10-25 тамыз аралығында жүзеге асады.

Ұқсас жазбалар