Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Бүгін — Ұлттық аза тұту күні!

13/07/2020

Қазіргі әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайдың күрделенуіне орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ еліне үндеу жасады.

Мемлекет басшысы әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетіп, оның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болғандығы туралы айта келіп, мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап Қазақстанда екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілгенін айтты. Ел Президетінің сөзіне сүйенсек, осы екі апта қазақ елі үшін болашақ қадамдардың шешуші кезеңі болмақ.

Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы қазіргі уақытта қара жамылып отырған отбасыларға көңіл айтып, ауырып жатқандарға сауығып кетуін тілейді.

Жақындарымызға жанашыр болайық!

Ұқсас жазбалар