Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Докторантура бағдарламасына үміткерлердің назарына!!!

19/10/2020

Берлин Мұсылман мәдениеттері және қоғамдарының Жоғарғы мектебі докторантура бағдарламасына 10 орын ұсынып отырғанын жариялайды. Бұл  Freie Universität Berlin, Humboldt-Universität zu Berlin и Leibniz-Zentrum Moderner Orient атты университтеттердің бірлесуімен құрылған, әлеуметтік, гуманитарлық және дінтану ғылымдарының аясындағы ғалымдарды біріктіретін ғылыми-зерттеу ұйымы.

Докторантураға құжаттар қабылдаудың соңғы мерзімі: 11 қараша, 2020 жыл.

Берлин Жоғары мектебі – мұсылман мәдениеттері мен қоғамдарының алуандығын, дамуындағы өзгерістер мен олардың арасындағы ғаламдық байланысын жан-жақты және жүйелі түрде зерттейді.

Толық ақпарат алу үшін төмендегі сілтемеге кіріңіз http://www.bgsmcs.fu-berlin.de/en/application/call_for_applications/index.html?fbclid=IwAR1D_E4Q3koU9y16oVWPOT-bH0uL3EJkGM2SEPtAbVmPWMMrTJqqB4L2pZ8

Қосымша ақпарат алу үшін  НМУ Ғылым бөліміне хабарласыңыз: 7 (727) 302-09-39 (ішкі нөмірі – 141).