ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

29/12/2015

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Шағырбаев Алмасбек Дүйсенбекұлының

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Шағырбаев Алмасбек Дүйсенбекұлының 6D020600 – Дінтану мамандығы бойынша «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, дінтану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

1. Бейсенов Бағдат Қабылдаұлы – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, мамандығы – 09.00.13

2. Сәрсенбі Дәуітов – филология ғылымдарының докторы, Халифа Алтай қайырымдылық қоры ақылдастар алқасының төрағасы, мамандығы – 10.01.02

Ғылыми кеңесшілер:

1. Филология ғылымдарының докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры, Ш.Т. Керім;

2. PhD докторы, Кастамону университетінің профессоры Али Рафет Өзкан (Кастамона қ., Түркия Республикасы).

Қорғау 2015 жылы 29 желтоқсан сағат 10.00-да Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы дінтану бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050016, Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университеті, әл-Фараби даңғ., 73,  № 309 аудитория

Қорғау тілі: қазақ

Сайт адресі: www.nmu.kz
E-mail: shamshat.nmu@mail.ru