Исахан Мұханның диссертациясын қорғау уақыты белгілі болды

14/12/2016

                     6D020600 – Дінтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін...

 

                   6D020600 – Дінтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған Исахан Мұхан Баймұратұлының «Мәдина конституциясының ислам мемлекеттілігінің пайда болу және қалыптасу кезеңіндегі орны мен рөлі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасында орындалған.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

 

Рецензенттер:

  1. Мухитдинов Рашид Сражович – филология ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, мамандығы – 10.02.20.
  2. Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы – дінтану PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, мамандығы – 6D020600

 

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Филология ғылымдарының докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры, Ш.Т. Керім;
  2. PhD докторы, Ержиес университетінің профессоры Юунус Апайдын (Кайсері қ., Түркия Республикасы).

Қорғау 2017 жылы 16 қаңтар сағат 10.00-де Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы исламтану бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050016, Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университеті, әл-Фараби даңғ., 73,  № 307 аудитория

 

Басылым күні: 14.12.2016