Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Қашықтан оқытуға байланысты Help-desk ашылды

12/04/2020

Коронавирустық инфекцияның карантиндік кезеңінде  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қашықтан оқыту технологияларын  қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру мақсатында Help-desk ашты. Оған жауапты Академиялық мәселелер департаментінің бас маманы Динара Жайлауова.

Еске салсақ, 2020 жылдың наурыз айынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларының барлық сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілді. Білім алушылардың барлық аудиториялық жұмысы ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқытушылармен және басқа да білім алушылармен виртуалды қарым-қатынас форматына ауысты.

Университет оқытушылары  сабақтарын «Платонус» платформасына тиісті сілтемелерді орналастыру арқылы немесе басқа да сандық білім беру ресурстары, WhatsApp, Telegram және т.б. мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде алдын-ала жазылған дәріске сілтеме орналастыру арқылы жүргізе алады. Сондай-ақ семинар және практикалық сабақтар бейнеконференция форматында онлайн-режимде немесе білім алушымен кері байланыс құру арқылы (WhatsApp, Telegram және т.б. мессенджерлер, электрондық пошта арқылы) өткізіліп жүр.

Қашықтан білім беру технологиялары туралы сұрақтар мен мәселелер туындаған жағдайда Академиялық мәселелер департаментінің бас маманы Жайлауова Динара Әмірханқызына хабарласуға болады.

Байланыс телефоны: 8747-160-96-16.

Электронды поштасы: dinara_a_j@mail.ru

Ұқсас жазбалар