Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Қашықтан оқытуға байланысты университет оқытушыларына хабарландыру!

29/03/2020

Құрметті оқытушылар!

Қалыптасқан жағдайдың күрделенуіне орай  қашықтан оқытуды одан ары жетілдіре түсу қажет. Сол себепті де төмендегідей шараларды қолға алмақпыз:

  1. Әрбір ОПҚ оқу материалдарын уақытында салу міндеттеледі;
  2. Телеграмға жүктелген аудио, видео лекциялардың сілтемесі Platonus -қа қойылуы керек;
  3. Онлайн сабаққа әлі күнге қатыспаған студенттердің тізімі кураторларға немесе Оқу-әдістемелік басқармаға хабарлануы тиіс;
  4. Білім алушылардың нәтижелері уақытымен Platonus -қа қойылуы қажет;
  5. Қашықтан оқыту бағдарламасына қатысты сұрақтар мен мәселелер туындаған жағдайда Академиялық мәселелер департаментінің бас маманы Жайлауова Динара Әмірханқызына хабарласуға болады.

Байланыс телефоны: 8747-160-96-16.

Электронды поштасы:  dinara_a_j@mail.ru

                                                                                                                    Академиялық мәселелер департаменті

Ұқсас жазбалар