Құрметті студенттер!
Қалыптасқан жағдайдың күрделенуіне орай қашықтықтан оқытуды одан ары жетілдіре түсу қажет. Сол себепті де төмендегідей шараларды қолға алмақпыз:
- Студенттердің онлайн сабаққа уақытында қатысуы қатаң тексеріледі;
- Белгіленген мерзімге дейін сабақ тапсырмаған студентке «0» бағасы қойылады;
- Мүлдем онлайн сабаққа қатыспаған студенттер анықталып, оларға шара қолданылады;
- Осы уақыт аралығында Университет жарғысына, ішкі тәртіпке қайшылық жасаған студенттерге тиісті шара жасалады;
- Қашықтықтан оқыту бағдарламасына қатысты сұрақтар мен мәселелер туындаған жағдайда Академиялық мәселелер департаментінің бас маманы Жайлауова Динара Әмірханқызына хабарласуға болады.
Байланыс телефоны: 8747-160-96-16.
Электронды поштасы: dinara_a_j@mail.ru
Академиялық мәселелер департаменті