Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ҚБТ қолданып қорытынды емтихан және аттестация өткізу туралы оқытушыларға арналған нұсқаулық

04/05/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушыларына ҚБТ қолданып қорытынды емтихан және аттестация өткізу ережелері әзірленді.

Емтихан тапсыру түрлері мен өтетін күндері белгілі болды.

Қорытынды емтихан күндері: (Бакалавриат 1-2-3 курстар,магистратура 1курс, докторантура 1курс) 18.05-06.06.2020ж.

Диплом жұмысын қорғау күндері: (Бакалавриат 4- курс) 11.05-30.05.2020ж.

Диссертация қорғау:  (Магистратура 2-курс)  11.05-30.05.2020ж.

Емтихандар 3  түрге бөлінген. Олардың  біріншісі – Дәстүрлі жазбаша негізінде болады. Онлайн түрде Platonus ZOOM қосымшалары арқылы өтеді. 150 билеттен тұратын сұрақтардан құралған. Әр билетте  2-3 сұрақтар қамтылады.

Екінші емтихан түрі – Тест. Ол Platonus, Google Forms, ZOOM қосымшалары арқылы өтеді. 150 сұрақ, 5 жауабымен қарастырылады. Нұсқалары бойынша  тест 50 сұрақ 1 дұрыс жауаппен есептеледі.

Үшінші емтихан түрі –  ауызша. ZOOM, Skype, Cisco WebEX қосымшалары арқылы онлайн түрде өтеді. Магистратура бөлімі бойынша 150 сұраққа жауап береді.

Қорытынды емтихан

Қорытынды емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізілуі мүмкін. ҚБТ қолдана отырып қорытынды емтихан өткізетін оқытушы оның формасы мен бағдарламалық жасақтаманы өзі таңдайды және бұл туралы алдын-ала кафедраға мәлімдейді. Оқытушы емтиханның қандай түрін таңдаса да онда қолданылатын сұрақтар, тапсырмалар мен кейбір жазбаша жұмыстардың тақырыптары кафедра тарапынан бекітілуі қажет. Емтиханның қай түрі болмасын мүмкін болған жағдайда прокторинг жасалынады. Ол үшін ZOOM интернет ресурсы қолданылып, емтихан сәтінің жазылуы оқытушы тарапынан ұйымдастырылады. Жазылған видео оқытушы тарапынан тексеріледі. Видеодан көшіру, басқа біреудің көмегіне жүгіну немесе орнына басқа біреудің емтиханды тапсыруы секілді ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда, жұмыс жарамсыз деп табылады. Жинақталған видеолар университеттің жүйе администраторының dalviliar@mail.ru адресіне оқытушылар тарапынан жіберіледі.

Қорытынды емтихан ережелері

Емтиханға дайындық

Platonus жүйеcінде өткізілетін барлық емтихандар үшін емтихан таңдалған жүйеде басталмас бұрын, біз «Қорытынды емтихан ережелері» атты құжатты pdf форматында орналастырамыз:

  • емтиханды өткізу ережесі;
  • бағалау саясаты;
  • емтихан кестесі;

Толығырақ ҚБТ қолданып қорытынды емтихан және аттестация өткізу туралы оқытушыларға арналған нұсқаулық -тан көре аласыз.

 

Ұқсас жазбалар