Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Магистратураға түсуші талапкер назарына!

29/06/2020

2020 жылы магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысушылар Университеттің қабылдау комиссиясына жүгінбей дербес (өз бетімен) өтініш білдіреді.

Өтініш беру үшін түсуші:

1) https://egov.kz сайтында мобильдік азаматтар базасына тіркеледі;

2) https://did.gov.kz сайтында Digital.ID-цифрлық паспортын құрады;

3) Орталықтың https://pvo-zayav.testcenter.kz сайты арқылы тіркеліп, кешенді тестілеуге қажетті мәліметтерді толтырады.

Бұл ретте түсуші жоғары білім мамандығына сәйкес магистратурадағы білім беру бағдарламаларының тобын таңдауы қажет.

Сонымен бірге кешенді тестілеуге төлем бағдарламалық кешен арқылы онлайн жасалады.

Талапкер онлайн өтінім бергеннен кейін құжаттарын толықтап, 15 шілдеге дейін университетке әкеліп тапсыруға міндетті!

 

Ұқсас жазбалар