Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің 15 жылдығына орай Халықаралық конференция өтеді

16/05/2016

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, араб, ағылшын.

Университетіміздің 15 жылдық мерейтойына орай 2016 жылдың 2 маусымында «ИСЛАМИ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҢСАҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ТҮЗЕТУДЕГІ РӨЛІ» атты тақырып аясында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Құрметті әріптестер!

Конференция мына бағыттарда жоспарлануда:

  1. Жат ағымдардың туындау тарихы және оларға қарсы тұру жолдары:

а) Ислам тарихындағы тәкфирлік бағыттың тарихы мен идеологиялық негіздері;

ә) Жаңсақ түсініктердің шығу себептері мен оның терроризмге қатыстылығы;

б) Шетін діни түсініктермен күресудің теориялық және практиқалық аспектілері;

  1. Жат ағымдарға қарсы тұру бағытында араб тілі орталықтары мен діни оқу орындары шәкірттердің діни санасын қалыптастырудағы орны.

а) Қоғамда жат ағымдармен күресудегі тәрбиенің орны;

ә) Жат ағымдар мен түсініктерге қарсы тұрудағы зерттеу орталықтарының маңыздылығы;

б) Шәкірттердің тұлғалық қалыптасуындағы ұстаздар мен оқытушылардың орны;

  1. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дұрыс (дәстүрлі) діни түсінікті жаюдағы рөлі:

а) Университеттің академиялық деңгейдегі қызметі;

ә) Университтеттің ағартушылық бағыттағы рөлі;

б) Университеттің қоғамның алдындағы жауапкершілігі.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, араб, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды баспадан шығаруды жоспарлайды. Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне: баяндама (мақала) мен конференцияға қатысушының тіркеу формасын электрондық нұсқада adilalau72@mail.ru мекен-жайына жіберу қажет.

Мақалалар 15 беттен аспауы тиіс және мәтіндік редакторының ережелеріне (сөздердің арақашықтығы бір «пробел», т.б.), сондай-ақ орфографиялық және емле ережелеріне сай жазылып жіберіледі. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде квадрат жақшаның ішінде әдебиет тізіміндегі нөміріне сай нөмірмен көрсетіледі.

Тіркеу формасы

  1. Тегі, аты-жөні (толығымен);
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса);
  3. Ұйым (жоғары оқу онының, кәсіби орта оқу мекемесінің, мектептің аты, мекен-жайы);
  4. Баяндама тақырыбы;
  5. E-mail (міндетті);
  6. Телефон (қалааралық кодымен), ұялы телефоны (міндетті);

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «Нұр-Мүбарак конференциясына _________ -дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Конференция тақырыбына сай болмаған мақалалар жинаққа енгізілмейді және қайтарылмайды.

 

Қатысуға қатысты өтініштер 2016 жылдың

20 мамырына дейін қабылданады.

Байланыс телефондары:    8 747 157 03 53

                                    

Өтетін жері: Алматы қаласы, Әл-Фараби  д-лы, 73, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, конференц-залы.