Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Шұғыл! Шетелдік талапкерлер назарына!

16/07/2020

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 20 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеуге ( бұдан әрі –ҰБТ)  қатысуға өтініш білдіріп, карантиндік жағдайларға байланысты шекарадан өте алмаған Қытай, Моңғолия, Ресей, Түркменстан, Өзбекстан және тағы басқа елдерде тұратын ұлты қазақ тұлғалар үшін өтініш 19 шілде күні сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) онлайн форматта ҰБТ өткізілетінің хабарлайды.

Ол үшін әр тестіленушіге ғаламторға ( интернетке) қосылған компьютер (1024 Мбит/сек.-ғаламтор жылдамдығын speedtest.net сайтында немесе сол сияқты сайтта тексеруге болады),  «Google Chrome» ғаламтор браузері, веб-камера және онлайн форматта Youtube каналына тестілеуді түсіру мүмкіндігі бар смартфон қажет болады және осы сілтеме https://ent.testcenter.kz арқылы талапкерлер кіре алады.

Ұқсас жазбалар