Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Шұғыл: талапкерлер назарына!

02/07/2020

Құрметті талапкерлер!

Исламтану, Дінтану, Теология мамандықтарына түсу үшін ҰБТ-ны тапсырсаңыз да, тапсырмасаңыз да, құлап қалсаңыз да міндетті түрде шығармашылық емтихан тапсыруыңыз қажет!

Шығармашылық емтиханға құжат қабылдау 01.07-07.07.2020 аралығында екі жолмен жүзеге асырылады:

1.Алматы мегаполисінің тұрғындары үшін офлайн түрде яғни университетке келіп;

2.Басқа қала тұрғындары үшін онлайн жүзеге асырылады яғни яғни http://edu.nmu.kz/ сайты арқылы  (тех: +7 (747)160-96-16);

Шығармашылық емтихан 08-13.07.2020 аралығында екі жолмен жүргізіледі (кім қашан емтихан тапсыратыны жөнінде тізім шығады);

1.Алматы мегаполисінің тұрғындары үшін офлайн түрде, яғни университетке келіп (карантин күшейтіліп кетпесе).

2.Басқа қала тұрғындары үшін онлайн түрде жүзеге асырылады, яғни zoom бағдарламасы арқылы (микрофоны, вебкамерасы бар құрылғы қажет: ұялы телефон, ноутбук, планшет…).

Шығармашылық емтиханға қатысу үшін міндеттітүрде WhatsApp мессенджеріндегі ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН nmu деген топқа тіркелуді ұмытпаныз, қосылу сілтемесе https://chat.whatsapp.com/IlnpnYJ4wQh2txKD70nplu

Ұқсас жазбалар