Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Шұғыл, талапкерлер назарына!

27/06/2020

Шұғыл, талапкерлер назарына! 

Құрметті тестіленушілер, еліміздегі карантиндік шараларлың күшейтілуіне байланысты 2,3, 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ маусым айының 28,29,30 күндеріне ауыстырылды.

4 шілдеге жоспарланған ҰБТ – 28 маусымда  (ғимаратқа кіру сағат 14:00-де, тестілеудің басталуы сағат 15:00-де);

3 шілдеге жоспарланған ҰБТ – 29 маусымда  (ғимаратқа кіру сағат 14:00-де, тестілеудің басталуы сағат 15:00-де);

2 шілдеге жоспарланған ҰБТ – 30 маусымда  (ғимаратқа кіру сағат 14:00-де, тестілеудің басталуы сағат 15:00-де)

Тестіленуші белгілі себептермен тапсыратын қалаға уақытында келе алмайтын болса, жақын қаладағы ҰБТ өткізілетін бөлімшелердің  (ЖОО) кез-келгеніне рұқсатнаманы көрсетіп, өтініш білдіріп, тапсыра алады.

Тестіленушінің рұқсатнамасы өзгеріссіз қалады. 28,29,30 маусымға және 1 шілдеге жоспарланған ҰБТ өз мерзімінде өткізіледі.

Ескерту, өздеріңізбен бірге 3 дана маска, жеке куәлік, рұқсатнама болуы тиісті.

Ұқсас жазбалар