Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Университет проректоры Жеңіс күнімен құттықтады

09/05/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады.

Қадірлі қауым!!!

Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күні  мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбірегеніне биыл 75 жыл толды. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы, тыл еңбеккерлерінің қажымас қайратының  жеңісі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.

Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің борышымыз!

Халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болған Жеңіс күні өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.

Ұқсас жазбалар