Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Арнайы емтихан бағдарламасы

1 Нормативтік сілтемелер

Осы бағдарлама мынадай нормативтік құжаттар негізінде әзірленген:

1.1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

1.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «31» қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;

1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

1.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің немесе жоғары кәсіби білімді басқару органына қарасты ведомстволардың өзге де нормативтік актілері;

1.3. Университет Жарғысы;

1.4. Жылсайынғы университетке қабылдау ережесі.

2 Негізгі терминдер және олардың түсіндірмелері

ҚК – қабылдау комиссиясы;

ҚК төрағасы;

ҚК жауапты хатшысы;

ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу;

 3 Арнайы емтихандарды өткізудің мақсаты

3.1 Педагогикалық        мамандыққа        түсу кезіндегі арнайы емтиханның мақсаты – Талапкердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтау.

3.2 Педагогикалық ахуалды шешу кезінде талапкерге педагогикалық тұрғыдан келетін дерек, өмірлік оқиға ұсынылады.

3.3 Нәтижені бағалау кезінде орын алған күрделі жайтты шешуге ұсынылған тәсілдің сындарлығы мен негізділігі есепке алынады; ахуал мен оның туындау салдарларында жедел жол табу;ықпал ету нәтижелерін алдын ала пайымдай алуы.

4   Арнайы емтихандар өткізілетін мамандық:

6В01701- Шетел тілі: екі шетел тілі.

 5 Педагогикалық мамандыққа қабылдау

5.1 Педагогикалық мамандық бойынша қабылдау Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қабылдау комиссиясы жүргізген арнайы емтихан нәтижелерін есепке ала отырып жүргізіледі.

5.2 Педагогикалық мамандыққа түсу кезіндегі арнайы емтихан түсушілердің педагогикалық қызметтерге бейімділігін анықтауға бағытталған.

5.3 Педагогикалық мамандыққа түсушілерден өтініштер қабылдау және арнайы емтихан өткізу 20 маусым мен 18 тамыз аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.

5.4 Педагогикалық мамандыққа түсетін тұлғалар университеттің қабылдау комиссиясы жүргізетін бір арнайы емтихан тапсырады.

5.5 Педагогикалық мамандыққа түсуші тұлғалар үшін, баллдары есептеле отырып тапсырылады:

  • Қазақстан тарихы бойынша;
  • математикалық сауаттылық;
  • оқу сауаттылықтары (оқыту тілі);
  • екі мамандық бойынша пәндер.
  • Ұқсас мамандыққа қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша жеделдетіп оқыту мерзімімен түсетін тұлғалар үшін, баллдары есептеле отырып тапсырылады:

— жалпы мамандық пәндері бойынша;

— маманданатын пәні бойынша.

  • Арнайы емтихан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
  • Емтихан билеттерінің сұрақтары педагогикалық жағдаятты шешу қабілетін тексеруге ықпал жасайды.
  • Педагогикалық жағдаят– бұл мұғалімнің немесе тәрбиешінің кәсіби қызметі барысында туындайтын өмірлік мән-жайлар, деректер мен оқиғалар, оларары қарай шешуді талап ететін белгілі мәселелерді және психологиялық-педагогикалық жағдайларды туындатады.
  • Әрбір емтихандық билет 3 сұрақтан тұрады.
  • Педагогикалық мамандыққа түсушілер үшін арнайы емтихан «Жіберілді» немесе «жіберілмеді» нысанында бағаланады.
  • Арнайы емтиханды тапсыру уақыты – 15 минут.
  • Емтихандыалу кезінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректорының бұйрығымен арнайы емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия құралады, оның құрмына төрғасымен қоса тақ сандағы мүшелері кіреді.Егер мәжілісте кемінде оның құрамының үштен екісіненболса, онда комиссия шешімі заңды деп саналады.Емтиханда қатысушылардың көпшілік дауысымен шешім қабылданады.Мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Арнайы емтихан қабылдау кестесін комиссиясының төрағасы бекітеді және университеттің сайты мен ақпараттық қабырғасына мәліметтерді орналастыру арқылы жеткізіледі.

Арнайы емтиханға рұқсат алу үшін талапкер Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қабылдау комиссиясына алдын ала тіркелуі тиіс.

  • Арнайы емтихан жүргізуші аудиторияға баруға рұқсатжеке басын куәландыратынқұжатты ұсынған кездежүзеге асырылады.
  • Арнайы емтихан басталмас бұрын түсушілерге өткізу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнайы емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және  аппеляция өткізудің орны көрсетіледі.
  • Арнайы емтихан өткізу кезінде түсушілер:

тыныштық сақтаулары және өз бетінше жұмыс істеулері, емтихан алушы және басқа да қабылданушылармен сөйлеспеуі;

  • емтихан материалдарымен алмасуға, көшіруге, оны дәрісханаға кіргізуге және оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, ұтқыр байланыс құралдарынпайдаланбауы тиіс;
  • аудиториядажүруге,басқа орынға ауысып отыруға;
  • арнайы емтихан      кезінде       емтихан      алушының           рұқсатынсыз              аудиториядан шығуғаболмайды.
  • Арнайы емтиханды өткізу қорытындысы рұқсат беру ведомосымен, еркін нысандағы комиссия хаттамасымен толтырылып, нәтижелерін жариялау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына)табысталады.Комиссия хаттамасына төраға және барлық қатысушы оның мүшелерімен бірге қол қояды.
  • Арнайы емтихан нәтижелері емтихан өткізген күні жарияланады.
  • Арнайы емтихан нәтижелері бойынша ведомостың үзінді көшірмесі беріліп, студенттік жеке ісіне тігіледі.
  • Емтиханды өткізу кезеңінде арнайы емтиханға қойылатын талаптарын сақтау, даулы мәселелерді шешу, емтихан тапсыратынадамдардың құқықтарын қорғаумақсатында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының бұйрығымен оның төрағасын қоса алғанда тақ саннан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
  • Апелляцияға берілетін өтінішті апелляциялық комиссиясының төрағасының атына арнайы емтиханды тапсырушы жеке тұлға атынанарнай емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

5.25Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының үштен екісі мәжіліске қатысатын болса заңды болып есептеледі. Арнайы емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысып отырған комиссия мүшелерініңкөпшілік дауысымен қабылданады. Мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған төраға және отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері қолдарын қояды.

5.26 Мирас Университеті бес күнтізбелік күн ішінде ұсынады ҚР БҒМ-ге арнайы емтиханды өткізу және ұйымдастыру бойыншақорытынды есепті еркін нысанда,арнайы емтихан  қорытындылары туралы  бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.


6 Арнайы емтихан сұрақтарының үлгі тізімі (педагогикалық жағдаяттар)


№1 педагогикалық ахуал

Оқушы мұғалімге өтініш айтады: «Мен Сіздің басқа оқушыларға қарағанда маған жақсы қарауыңызды сұраймын, өйткені мен басқалардан жақсы оқимын». Мұғалім оқушыға таңданыспен қарап оған ол үшін барлық оқушы бірдей деп жауап қатты.

Сіз бұндай жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не  айтасыз және т.б.) және неліктен?

 №2 педагогикалық ахуал

Айгерімнің еске сақтау қабілеті жақсы және кез келген тақырыпты, өлеңді, ақпаратты оңай есіне сақтап алады. Мерекелік кешті өткізу кезінде ол өзіне берілген рөлді орындайды және басқа балалардың ролдерін де орындауға араласып, басқалардың өздерін көрсетуге кедергі жасап, мерекенің өту барысын бұзады.

Мұндай жағдайға қалай ықпал жасауға болады? Сіз мұндай жағдайда қалай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз.

 №3 педагогикалық ахуал

Қоғамдық көлікте бір адамның жанында отырған жолаушы адамның сөмкесінен әмиянын алғысы келіп отырғанының куәсі болады.Мұндай жағдайға қалай ықпал жасауға болады? Сіз мұндай жағдайда қалай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз.

 №4 педагогикалық ахуал

Серуендеу кезінде балалар құмда ойнап отырып абайсызда Азаматтың күртесін ластап алды, бұған ол атты ренжіді. Азаматтың ойынша балалар оны  әдейі жасады.Ол қолайлы сәтті күтіп, балаларға қарай бір уыс дымқыл құмды шашып жіберді.Салдарында балалардың да бар киімі ластанды. Балалардың ренішінде шек болмады. Азамат өзінің қылығын балалар өзінен кешірім сұрамады деп түсіндірді.

Мұндай жағдайға қалай ықпал жасауға болады? Сіз мұндай жағдайда қалай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз.

№5педагогикалық ахуал

Сізбен бір үйде бір қыз көрші тұрады, барлық балалар аулада ойын ойнаған кезде ол скрипкада ұзақ әрі әсерлене ойнайды.Бір күні ол қыз жас музыканттар байқауында бірінші орын алғаны туралы қуана айтты.Кластастары оны мысқылдап, «оқымысты», «жаттанды» деген лақап атпен атай бастады. Мұғалім бұл ахуалды назардан тыс қалдырды.

Мұндай жағдайға қалай ықпал жасауға болады? Сіз мұндай жағдайда қалай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз.

№6педагогикалық ахуал

Мұғалім: «Дәптерлеріңді ашыңдар, жазыңдар…».  Бір оқушының жазбай отырғанын көріп, мұғалім сұрайды:

-А сен неге жазбай отырсың?  Оқушы жауап береді:

— А, не үшін жазамын? Мен зейін салып тыңдаймын және есіме сақтап аламын.Сіз бұндай жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не айтасыз және т.б.) және неліктен?

 №7 педагогикалық ахуал

Сіз сынып жетекшісі болып табылатын оқушылардың біреуі бітіру кешіне бармайтынын айтады.Сіз бұл шешім оның отбасының қиын қаржылық жағдайының қиындығына байланысты екенін білесіз.

Сіз бұндай жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не айтасыз және т.б.) және неліктен?

 №8педагогикалық ахуал

Сіз – мұғалімсіз. Тақтада белгілі әрекетті орындаудасыз (теңестіруді шешесіз, ғылыми болжамды дәлелдейсіз, формула жазасыз, жіктеу үшін негіздемені атап өтесіз және т.б.). Сіздің жазбаңызда қате бар. Бір оқушы оны байқап, ол қателікті барлық сынып көретіндей қылып нұсқап көрсетеді.

Сіз бұндай жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не айтасыз және т.б.) және неліктен?

  №9 педагогикалық ахуал

Мақсат дайындық тобына барады. Тәрбиеші оны кейде мақтайды, алайда оның анасы оған ұдайы риза болмайды.Бала барлығынжәй, сенімсіздікпен жасайды. Анасы оны жалқау деп санайды. Ол оны оқуға, жазуға үйрете бастайды. Егер қате болса қайтадан жасауға мәжбүрлейді. Мақсат іске көшеді: «Менің қолымнан келмейді, мен білмеймін». «Мен онанда ойын ойнаймын». Анасы түсінбей дал: «Қашанғы ойнауға болады? Мүмкін оны көбрек мақтау қажет шығар? Алайда не үшін?»

Мұндай жағдайға қалай ықпал жасауға болады? Сіз мұндай жағдайда қалай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз.

 №10 педагогикалық ахуал

Бала «қиын» отбасында өсіп келеді: баланы әжесі тәрбиелеп отыр,әкесі жоқ, анасы арақ ішеді. Бірінші сыныпқа барғанда баланың ынтасы болды. Алайда оқытушы бала туралы сыңаржақты пікірде болды. Егер сыныпта бір жағдай болып қалса оған кінәлі осы бала болд. Үшінші сыныпта балаға «Қиын бала» деген атақ ілінді.

Мұндай жағдайға қалай ықпал жасауға болады? Сіз мұндай жағдайда қалай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз.

 №11 педагогикалық ахуал

Мұғалім қолына телефонды айналдырып отырған оқушыға: «Телефонды алып қой немесе оны сөндір» деп айқайлайды. Оқушы: «Мен сөндіре алмаймын. Мен «ватсапта» отырмын. Мен телефоннан ешқашанда ажырамаймын. Оны сөндірмеймін де, онымен ұйықтаймын тіпті….» Сіз бұндай жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не айтасыз және т.б.) және неліктен?

№12педагогикалық ахуал

Сіз – 9 сынып жетекшісіз.Жұмыстың алғшқы аптасында балалардың бір бірімен арақатынасы        күрделі      екеніне,      жанжалқұмарлығына, балалардың         топ          бойынша достасатындығына,бірігуге ұмытылмайтындығына көз жеткіздіңіз.Сынып жетекшісіне олар сенімсіздікпен қарайды әрі сенім орнатуға құлықсыздығын байқадыңыз. Көптеген оқушылар сабақтан соң жиналып, сынып өмірін қалай көңілді әрі қызықты өткіземіз деп ақылдасуға шақырған Сіздің арыныңызды тоқтатты. Тек ең жуас, тыныш жүретін оқушылар құлақ асты. Бұл Сізді өте ренжітті және ойға қалдырды.

Мұндай жағдайға қалай ықпал жасауға болады? Сіз мұндай жағдайда қалай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз.

№13педагогикалық ахуал

Екі ата-ана сөйлесіп отыр.Біреуі мақтанышпен күйеуі екеуі қыздарына компьютер алып бергенін айтты. Ал екіншісі: Босқа алғансыңдар! Енді монитор алдында сағаттап отырады. Көзі мен дене мүсініне зақым келтіреді, тұйық, өмірге икемсіз болып өседі…».

Қажетті жауап нұсқасын таңдаңыз:

1.Компьютерсіз қазір болмайды.

2.Компьютер – бұл ақпарат көзі.

3.Компьютер адам денсаулығына зиян.

4.Компьютер психикаға кері әсер етуі мүмкін.

5.Компьютер ақыл шегінде пайдаланса үкен пайда әкелді.

6.Сіздің басқаша уәжіңіз.

Компьютердің пайдасы мен зияны бойынша өз ұстанымыңызды дәлелдеңіз.

  №14педагогикалық ахуал

Сіздің сыныптасыңыз бөтеннің телефонын ұрлады. Сіз ұрлықтың куәсі болдыңыз.

Бұл жағдйда Сіздің әрекетіңіз.

1.Көрмеген кейіп танытамын (ол менен күшті және оның күтпеген салдарлары болуы мүмкін).

  1. Бұл туралы үлкендерге хабарлаймын (мұғалімге, директорға).

3.Сыныптасымның ата-анасына хабарлаймын.

4.Бұл мәселені сынып жиналысында көтеремін.

5.Сыныптасыммен сөйлесіп, телефон исіне кешірім сұрап, оны қайтаруға көндіруге тырысамын.

6.Басқа шешім.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

 №15педагогикалық ахуал

Автобус аялдамасының орындығында жатқан жерден ондаған адам енжарлық таныта өтеді.

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

1.Мен де жақындамаймын.

2.Жақындап адамға не болғанын білемін.

3.Жақындамаймын, бірақ жедел жәрдем шақыртамын.

4.Полицияға хабарласам.

  1. Басқа шешім.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

№16педагогикалық ахуал

Көшеде тоғыз жастардағы қыз жылап келіп анасы оған 500 теңге беріп, нанға жұмсағанын, ол жолда оны жоғалтып алғанын айтады. Қыз анасы қатты ұрсады деп қорқып тұрғанын, оның ақша беруін сұрайды.

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

  1. қызға ақша беруден бас тартамын, бұл жағдай оған сабқ болсын. Келесіде ол ақшаға ұқыпты болады.
  2. Баланы аяп, оған ақша беремін.
  3. Баламен бірге анасына барып, туындаған жағдайды түсіндіру арқылы шешуге тырысуды қызға ұсынамын.
  4. Полицияға хабарласып, бұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы кеңес берулерін сұраймын.
  5. Өзімнің нұсқам.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

№17педагогикалық ахуал

Сіздің ата-анаңыз пәтерге жылдамдығыжоғарыинтернет кіргізді және бұл қызмет үшін айсайын 5 мың теңге төлейді. Бір күні Сіздің зейнеткер көршіңіз Интернетке кіру нүктесіне қосылғысы келетінін айтып өтініш жасайды. Ол өзінің өтінішін балаларының басқа қалада тұрып жатқандығымен, олармен сөйлесіп тұру керектігімен түсіндіреді. Алайда олар айсайын  5 мың төлей алмайтынын айтады.

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

  1. Зейнеткерлерге менің байланысымды ақысыз пайдалануына рұқсат беремін.

2.Егер айына бір мың теңгеден беріп тұрса зейнеткерлерге менің байланысымды ақысыз пайдалануына рұқсат беремін.

  1. Өтінішті орындай алмаймын.
  2. Өзімнің нұсқам.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

 №18педагогикалық ахуал

Үйде мынадай жағдай орын алады.Анасы баласына айтады: Таңғы астан кейін ыдыс-аяқты жуу міндетіңе өте-мөте жауапсыз қарайсың. Баласы былай деп жауап қайтарады: Сен әрқашан да ыдысты таңмен жумайсың.

Анасы айтпды: Мен-мүлде басқа. Сенің анаңда онсыз да үй шаруашылығында жұмыстар көп.Сендей тентектерден кейін жинау оңай деп ойлайсың ба? Баласы қарсы уәж айтады: Мен тентек емеспін.

  1. Анасы ұлымен әңгіме барысында қандай жаңсақтық жіберді?
  2. Мұндай тәрбиенің салдары қандай болмақ? Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

№19педагогикалық ахуал

Автобуста үлкен сөңкесі бар қарт әйелге орын бермегенің үшін жанжал туындап қалды. Жаңа көшіп келген көршілеріңе қнаққа барған кезде қарт әйел сізің көршіңіз болып шығады.

Үстел үстінде сол ауыр сөмкедегі тамақтар тұрады. Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

  1. өз әрекетіме кешірім сұраймын
  2. үйге кірмей кетіп қаламын.
  3. Өзімнің нұсқам.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

 №20педагогикалық ахуал

Маңызды жаңа сабақты түсіндіріп жатқан кезде мұғалім ту сыртынан ұзаққа созылған сықырды естіді. Оның кім екенін көріп мұғалім шешті … Жауа нұсқасын таңдаңыз:

1.Сабақ өткізуге кедергі келтірушіге жақындап, ескерту жасайды.

2.Дереу ата-аналарымен байланыс жасайды.

3.Күнделігіне ескерту жазады.

4.Шыдамдылық пен сабырлылық танытады.

5.Өзіңнің нұсқаң.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

 №21педагогикалық ахуал

Сіз бірінші сынып тәлімгерісіз. Сіздің сынып оқушылары төбелесті.Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

  1. Ата-аналар жиналысын жасап, бұл мәселені көтеру.
  2. Сыныппен әңгімелесіп, мәселені бейбіт жолмен шешу.
  3. Психологты, инспекторды, сынып жетекшісін шақырып, мәселені анықтау. 4Өзіңнің нұсқаң.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

 №22педагогикалық ахуал

Сіз бастауыш сынып жетекшісісіз. Үшінші сабақтан соң сіз балаларды асханаға апаруыңыз қажет.Барлық оқушылар екі екіден сап түзегенімен біреуі барудан бас тартты.

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

  1. оқушыны басқа сынып бақылауында қалдырып кету.
  2. күш қолдану арқылы оқушыны барлығымен бірге апару. 3. баланы бір өзін сыныпта жауып кету
  3. Өзіңнің нұсқаң.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

 №23педагогикалық ахуал

Әдебиет пәнінің жас оқытушысы 8-ші сыныпқа кірген кезде өзінің сәлемдемесіне келесі жауапты естіді: «Құрмет көрсетемін!» деп айтқан Сергей оған серілік ишарат көрсетіп, бас иді.Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

1.Есіктің артына қойып: «Бар серуендеп қайт, өз әрекетіңді ойлан».

  1. Көңіл аудармай сабақты бастай беру.
  2. Көңіл аудармау, бірақ сабақта тақтаға шығарып, қиын тапсырма беру.
  3. Сәлемдемені қабылдап: «О, әдебиет табынушысы! Маған Сіздің көмегіңіз қажет (дәптерлерді үлестіру, тақтаны дайындау, ТСО басқару және т.б.)».
  4. Өзіңнің нұсқаң.

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз.

 №24педагогикалық ахуал

Оқытушы үй жұмысын тексеріп жатқан кезде бір оқушы келіп : «Мен үй жұмысы дәптерімді үйде қалдырып кетіппін» деді. Мұғалім әрекеті:

  1. Тағы да ма?
  2. Меніңше, сенде ешқандай да жауапкершілік жоқ.
  3. Түсінемін, сен мұндай жағдайға әрқашан да түсіністікпен қарайсың. Келесіде жинақы бол.

4.Қандай салдарда сен ұмыт қалдырасың, соны ойлан.

5.Сіздің жауабыңыз нұсқасы. Жауапты дәлелде.

 №25 педагогикалық ахуал

Мұғалім А.С.Грибоедовтың шығармашылығы бойынша сабақ күтпеген жерден қалай өткізілгені туралы басынан өткен жайтты әңгімеледі.Ол сабаққа тиянақты дайындалды. Жақсы мультимедиялық ілестірмеге дайындалды. Сыныпқа кірген кезде сабақтың шыңырау алдында тұрғанын ұқты. Балалар да өте ашулы қалыпта болды.

Бұл жағдайға қалай ықпал етуге болады? Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді дәлелдеңіз.

№26 педагогикалық ахуал

Киім сататын дүкенде киім ұрлаған адамды ұстаған бұрынғы сыныптасыңызды күтпеген жерден кездестірдіңіз.

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

  1. Танымаған кейіп танытасыз.
  2. Сыныптасыңызға жақындап оның әрекетін құптайсыз.
  3. Дүкен әкімшілігіне жақындап Сіздің сыныптасыңызды сыйлыққа ұсынуын сұрайсыз.
  4. Сіздің жауабыңыз нұсқасы. Жауапты дәлелде.

 №27 педагогикалық ахуал

Жаңажылдық таңертеңгілікте  Арсен басты рөлді ойнағысы келді. Алайда мейрамға үш күн қалғанда  Арсен ауырып қалып, оны орнына тапсырмаларды орындаудан бас тартатын, ерке Санжар деген бала ойнамақ болды. Санжар рөлге жақсы дайындалды. Мерекеге дейін бір күн қалғанда Арсен  бала-бақшаға келіп  «А мен ше?» деп, өз ролін қайта сұрады.

Мұндай жағдайда тәрбиеші қандай шешім қабылдайды?

1.Санжарға рөлді береді.

2.Арсенге рөл беруі тиіс.

3.Олардың екеуіне де ойнауға рұқсат беруі тиіс.

4.Рөлді топтағы үшінші балаға беру керек.

5.Рөлді сценарийден алу. Жауап нұсқасын дәлелдеңіз.

№28 педагогикалық ахуал

Малика оқитын мектепте басқа балалар қымбат әдемі киімді киінді.Малика ескі көйлектерді киді. Бір күні кешкісін Малика ата-аналарын жолдары болмайтындар, сондықтан өзін бақытсыз сезінетінін жеткізді.Бұл жағдайға қалай ықпал етуге болады? Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді дәлелдеңіз.

№29 педагогикалық ахуал

Мақсат алыс ауылдағы көп отбасылы жанұяда тұрады. Ата-аналары оған 11 сыныпты бітіріп, орта білім туралы аттестат алуға жәрдемдесті. Отбасына жұмыс күші керек, сондықтан одан әрі оқу туралы сөз болуы да мүмкін емес.Алайда Мақсат оқуын жалғастырып, оқытушылық мамандығының дипломын алуды армандайды.

Сіз оның арманы орындалуы үшін оған қандай кеңес берер едіңіз? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

№30 педагогикалық ахуал

Бесінші сыныпқажаңадан терең сенетінмұсылман отбасының баласы келді. Оләдет бойыншамұғалімге иіліп, ілеспе сөздермен сәлемдеседі. Балалароның «оғаш қылығына» күледі. Бұл жағдайға Сіз қалай әрекет етесіз (қандай әрекет жасайсыз, не істейсіз, не айтасызжәнет.т.) және неліктен?

 7 Әдебиеттер тізімі 

  1. Бондаревская Е. В., Кульневич С. В. Педагогика: гуманитариялық теориялардағы және тәрбие жүйелеріндегі жеке тұлға. – Дондағы Ростов: Мұғалім, 2005. – 560 б.
  2. Джуринский А. Н.Педагогика тарихы. – М.: Флинта 2005. – 386 б.
  3. Маленкова Л. И.Заманауи мектептегі тәрбие. – М., 1999.
  4. Подласый И. П. Бастауыш мектеп педагогикасы. – М.: Владос, 2000– 400 б.
  5. Рожков М. И., Байбородова Л. В. Мектепте тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру. – М.: ВЛАДОС, 2000. – 256 б.
  6. Харламов И. Ф. Педагогика: Оқу құралы. – 4-басылым., өңд.және толықт. – М.: Гардарики, 2000. – 519 б.
  7. Абрамова А.С. Практикалық психология. – М., 1990.
  8. Жарықбаев Қ.Б. Қазақпсихологиясыныңтарихы. – Алматы, 1996
  9. Бондаревская Е. В. Педагогикалық мәдениет қоғамдық және тұлғалық құндылық// Педагогика. – М., 2003. — № 3.
  10. Ждан А.Н. Психология тарихы. Ежелгі дүниеден қазірге дейін. М., 1997.
  11. Алдамұратов Е. Жалпы психология. – Алматы, 1996.
  12. Жарықбаев Қ. Жантанунегіздері /қайтаөңделген. – Алматы, 2004.