Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Адами құндылықтардың қалыптасуына діннің тигізетін әсері

25/02/2019

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2 курс магистранты Ербол Қоспағар

Қоғамның маңызды саласы саналатын мәдениет дін атауын қамтымай толымсыз болмақ. Егерәки біздер мәдениетті тұлғаның дүниеделік болмыс тәсілі десек, дін – болмысқа мағынауи және тұрақты күш болып есептеледі. Шын мәнінде адамды қанша құдіретті деп арттырсақ та, болмысы қайшылыққа толы болмақ: өмір мен өлім, пенделік пен руханилық, өзімшілдік пен альтуризм, ләззат пен парыз, қиратушылық пен жасампаздық және т.б. Яғни осыған қарап, діннің негізгі қызметі адами қарым-қатынастарды белгілі бір тәртіпке келтіре отырып, оның қасиеті мен құдіреттілігіліне адам баласын сендіру, иландыру екенін ұғынамыз. Бұл тараптан қарағанда дін мәдениет атауының негізгі қайнарына және оны қорғаушы құдіретке жатады. Осы ретте дін халықтық пайым-парасатты өркендетуші бірден бір құрал екендігіне күмән тумайды. Білімсіз соқыр сезімдер және тылсымдық менмендікте (эгоизм) тоқтау қоюдың маңызы аса зор [1, 25 б]. Бұл айтып отырған шектеу жеке тұлға үшін аса қасиетті Хақ Тағаланың алдында мойынұсынуға мәжбүр етті. Ал, Жаратушының қаһарынан (әл-Қаһһар) үрейлену яки қолдауынан үміттену қоғамда белгілі бір ж.йемен атқарылатын дәстүрлі , сакральді, рәміздік салт-дәстүр, әдет-ғұрып жүйесін қалыптастыны сөзсіз. Бұл сипатта діннің ритуалдық қызметінің маңызы аса зор. Алайда дін тек салт-дәстүр, әдеп-ғұрып критериясымен шектелмейді. Кез келген дін нақты бір наным-сенім жүйесінен тұрады. Дінді тек Құдайға ғана сенушілік деп шектеуге болмайды. Қазақ мәдениетінде бірнеше дүниетанымдық діни түрлері атап өтуге болады. Олар: генотиптік діндер жүйесі, сырттан қабылданатын «кірме» діни жүйесі және ислам. Бұл діни жүйелердің үлес-салмағы тарихи жағдайлар және уақыт кезеңдерінде әртүрлі болмақ. Сол секілді халықтық пайым-парасаттың қалыптасуына да әркелкі әсер етті. Діннің халықтар ғұмырындағы алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей тұрып, сол діндерді соқыр ұстанатын халықтың мәдениеті, пайым-парасаты туралы толық көзқарас қалыптастыру мүскін емес. Дінді сипаттау оңай емес, алайда, оның басты қызметі әлеуметтілікті қалыптастыру, яғни адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу болып табылады. Өйткені «религия» сөзінің этимологиялық сөздіктегі мағынасына зер салсақ, «топтау», «байланыстыру», «қатынастарды қалыптастыру» дегенді білдіреді [2]. Демек, дін дегеніміз — адамдардың бірлестігін мен ұйымшылдығын қалыптастырушы «идеологиялық механизм». Діннің негізгі мазмұны әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды қасиетті деп танудан құралады. Осы тұста айта кететін жайт, Цицеронның шығармаларында «дін» сөзі халықтың тұрпайы, соқыр нанымына қарсы қойылған ұғым ретінде қолданылады. Бұл жерден шығатын тұжырым, «дін» деп кез келген наным-сенім түрін айтпайды. Сонымен қата адамды қасиетті, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын наным түрін айтады екен.

Адам ұжымдары қақтығыссыз өмір сүре алмайтыны анық. Адамзаттың алғашқы қауымдары зорлық-зомбылықсыз болмағаны мәлім. Олар бастарын  біріктіре тұра, бір-бірімен бірлесе тұра бөлініп, ыдырасып та үлгерген. Осындай қиын — қыстау кезеңдерде пенделердің жағымсыз қасиеттерін, қанды жауыз құмарлығын өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал болып құрбан шалу есептеледі. Яғни дінннің бір негізгі көрініс болып саналатын құрбан шалу әрекеті халықты дезинтеграция, ыдыраудан сақтайтын бір механизм болып есептелді. Адамдар бүкіл адамзат тарихында өмірден – тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік және қасиетті іздеп келеді. Ал дін осы ізденістердің жауабы деп түсінсек болады. Дін адам жанына туындайтын дүние болғандықтан, өзінің мазмұнын көптүрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан, өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым болып та саналады. Дін: адам жан-дүниесінің талаптары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толық-қандылығын танытатын белгілі бір категория ретінде де қарастырады. Діннің негізінде бейне бір рәсім тұр. «Рәсім» деп жеке адамның әлеуметтік іс-әрекетін қатаң қадағалаушы ережелердің жиынтығын айтады. Үкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрып-ақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосқан [3].

Қандай да болмасын қауымның яки қоғамның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы ілгері дамуы мен қызмет етуінің түпкі мақсаты сол қоғам мүшелерінің әлеумет пне әлеуетке лайық, мақсат-мүдделі харекетіне тікелей байланысты болмақ. Адам ғұмырының шеңберінен тысқары орналасқан қандайда бір түп-негіздер табу дін болмысының алғышарты. Қоғамдағы тұлғаның алдында көптеген өмірлік маңызы зор суалдар туындайтыны белгілі, ал енді оның шешімін Жаратушыға деген сенімсіз, дінсіз табуға қиын. Сондықтан діннің қай кезде болмасын, адам өмірінде, оның пайы-парасатының қалыптасуында алар рөлі аса зор. Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрген. Мәселен, «қола» дәуіріндегі көптеген мәдениеттердің саяси және рәсімдік яки діни қызметтерді бөлу өте қиынға соққан. Ал ежелгі шығыс өркениет-мәдениеттірнде діни ұйымдар мемлекеттік басқару жұмыстарына тікелей қатысы болған. Мұны ортағасырлық Еуропа мәдениетінен де байқауға болады. Европада тек Жаңа Дәуірдегі рухани төңкерілістен кейін ахуал басқаша болып өзгерді. Қайта өрлей кезеңінен басталған өзгерістер нәтижесінде европалық қоғамдық-мәдени өмірі шіркеу қарамағынан, шіркеудің қатал да әділетсіз қарамағынан бірте-бірте босана бастады. Бұл процессті реформация нәтижесінде жылдамдатып, қарқын ала бастаған-ды. Өркениеттің зайырлылық принціпіне өтуі саяси-қоғамдық, экономикалық құндылықтарды пайдалану істерінің кеңеюімен, ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық шығармашылықтарының қарқынды дамуымен тығыз байланыста жүріп отырды. Қоғам мен жеке тұлғаның дін ықпалынан айырылу салдарынан шіркеудің – өкіметтен, мемлекеттен шеттелуіне, нәтижесінде саяси құрылымдар санатынан жеке бастың еншілігіне қарай ығысты, яғни мемлекеттен азаматтық қоғам шеңберіне ауысуына әкеліп соқтырды. Қазақстанда Заң жүзіндегі бекітілген шіркеу-мешіттің мемлекеттен бөліну діннің мемлекетке ешбір қылар ықпалы жоқ дегенді білдірмейді. Барлық мемлекет азаматтардан тұрады, олардың өзіндік діни наным-сенімдері бар, сол сияқты мемлекет те өзін толығымен діннің ықпалынан тысқарымын деп сезіне алмаса керек. Жалпы, діни айғақтарды ескермей, өте маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру мен олардың мәселелі тұстарын шешу – мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды [4].

Дін халықтың барлығына, бұқараға түсінікті түрде адамзат тарихының негізгі мәні мен ерекшелігі жөнінде сұрақ қояды, адамгершілік идеясын алға тартып, иманды тұлға, намыс, ар-ождан, ұят жөніндегі пікірлерді қалыптастырады. Бұл тек адамның сыртқы ахлағы мен іс-әрекетін түзетіп, бағдарлап қоймайды. Сондай-ақ, ішкі жан-дүниесін тәрбиелейді, адами мейірімділік, махабат және шыншылдыққа деген иманы мен үмітін құрайды. Бүгінгі күні әлемнің қай діндерімен салыстырып қарасақ байланысы әлсіз, адам бүгінгі күні әбіржуде – өзінің бұйрық беруші ақыл-санасына, не ұлы пайғамбар мен адамзаттың ұлық ұстаздарына илануы қажет.  Замандастарымыз жоғарыда аталғандардың қайсысын өз еркімен таңдап алғанына қарамастан, діндік қажеттіліктің өзектілігі азайып немесе кемімейді. Діни қажетіліктер, әсіресе қоғмдық қатынастрдың күрт өзгеріске ұшраған, түбегейлі жаңшыл бағдар ұстанған қиын — қыстау өтпелі дәуірінде өте маңызды болатыны сөзсіз. Өйткені дәл сондай кездерде жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жойылып, өзіне деген сенімінің азая түседі. Соның бір себебі, КСРО — ның ыдырауы болмақ, яғни бастапқы шептегі қоғамдық мұрат  болған « комунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалудың салдарынан адамдардың көпшілігі әртүрлі діни конфессияларға, діни бірлестіктерге бет бұрды. Қазірдің өзінде Батыста болсын, сол секілді ориенталистердің көптеген зайырлылықты ұстанатын мемлекеттерінде болсын дін – азаматтық қоғамның біріктіруші –«бақылаушы механизм» ретінде қарастырылады. Қоғамдағы діннің негізгі мақсаты мен қызметі – мәдени, әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалу. Едәуір көп діни бірлестіктер өздерінің дін уағыз насихатын шаруашылық істерімен бірге ала жүреді нәтижесінде мемлекет территориясында  кіші жекеменшік ұйымдар мен ұжым-компаниялар пайда болады, экономика дамуына және жаңадан жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізері сөзсіз. Шіркеулер  мен  мешіттер қаражаттан тапшылық көретін мүгедектерге, кәрі — құтаңдарға, жалғызіліктілерге қайырымдылық көрсетуді де ұмытпайды [5].

Өз-өзін реттеуші азаматтық қоғамда адам тікелей өзі және басқалармен келісімді өмір сүруіжәне бүкіл қоғаммен қосы әмбебапты конвенцияларға жетуі қажет. Бұл кезде адамға көмекке дін келеді. Дін – жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайларға үйлесімді, тиімді бейімделуге бағытталған бағдарлары мен іс-әрекеттік стереотиптерінен тұрады. Мәселен, христиан дінінің құндылықтары (жақын адамға деген махаббат, рухани қасиетінің маңызы, пайғамбар айтқандарын орындау, жанды құтқару сынды т.б.) мен ислам діні қағидалары (нәпсі-құмарлықты тәрк еті арқылы Жаратушыға жақындау, мұсылмандар арасындағы ынтымақтастықты арттыру, парыз болған алғышарттарды өтеу т.т.) қоғамның рухани дәрежесін көтеруге бағытталып, игі-ізгілікке шақырады [6, 28 б]. Қазіргі кезде бұрынғы дәстүрлі діндермен қатар мәдени-әлеуметтік өмір ерекшеліктерін білдіретін жаңа, заманауи діни конфессиялар және қозғалыстар қалыптасуда. Оладың бұрынғысы болсын, жаңасы болсын әлеуметтің талаптарына бейімделіп, өз қолдаушыларын табуға ұмтылады. Сол секілді  діндік қозғалыстардың мән-мазмұны да өзгеріп кетті. Оның дәлелі ретінде діни ұйымдардың бейбітшілік пен адам құқықтарын қорғауға бағытталған әрекеттері, қайырымдылық акциялары, білім беруге бағытталған діни жаңа ұжымдардың қалыптасуын, адасқан бағыттарды құтқару, оңалту арнасындағы қызметтерді, яғни түрмелер мен колониялардағы діни уағызшыларды, қатыгездікке қарсы әрекеттерді атап өтсек жеткілікті.

Адами қарым-қатынастарды мәдени — әлеуметтік реттеудің маңызды тетігі болып табыатын дін өз қызметінде өмір мен өлімнің түбегейлі, болмыстық тұрғыдағы, экзистенциалдық мәселелерін қозғап, өзіндік шешімін ұсынады. Ондай мәселелер қатарына тіршіліктің мәні мен мағынасы, нәпсіқұмарлық және тәубеге келі, өлім мағынасы, қорқыныш және үміт және т.б. жатады. Сонымен бірге адам ғұмырының тәндік шектілігінен туындайтын түңілу, қайғы-мұң және мағынасыздықты жеңуге ұмтылу, адами ізденісті рухани жетілдіруге, адам бойындағы адагершілікті сақтап қалуға, қасиетті көре білуге шақырады. Осы орайда, діни құндылықтар бағдарларының жарасымды жақтарын айта келе, біз адамзат тіршілігінің барлық проблемаларын шешетін, абсалютті, әмбебап тетік деп те айта алмаймыз. Еркін де бейбіт қоғамда өмір сүру құқығына тек діни наным ғана емес, оған қоса діни қағидаларға күмәндану, секуляризм және атеизм де жатады. Постиндустриялдық қоғамдағы дінге қатынасты қазіргі постмодернизм құрастырады. Постмодернистік дискус, діндерді идеологиялық қатадрағы құбылыс ретінде алмау қажет. Кез келген таралған идеология жақсылыққа жатпайды, өйткені ол адамдарға сыртқы күшпен танылды. Көбінесе, ғылымға ұқсатылып, қалыптасқан идеология өркениетке жағымсыз болып табылып жатады. Неге десеңіз, себебі идеологтар өздерінің құрылымдарында «адамның жанын» белгілі бір саяси мақсаттарда пайдалану үшін ұрлайды. Посмодернизм жеке-жеке адамдардың айтқан дауыстарын естуге мүмкіндік беретін «мәдениеттік терапияны» ұсынғысы келетіндей. Дін жөнінде пайымдағанда, ғалым адам сыртта тұрып, адамдарға дін немесе ғалымның өзін сынауға мүмкіншілік туғызу керек. Діни идеялар психологиялық тұрғыда рационалдандырылған адами рухани дүниеге разы болмаудан өз істеріне негіз таба алады делінеді. Дін осы бағытта «қасиетті мәтін», «құтқарушы шеңбер» қызметін атқаратын, қарапайым жұртқа түсінікті һәм қарапайым құралдарды жеке тұлғалық тар шектерінен шығу үшін тұжырымдалуға мүмкіндік береді [7].

Дәстүрлі шығыстық, ислам діні, конфуцишілдік, буддистік тағы сол секілді мәдениеттер мен өркениеттер діни-әдептік өлшемерді алға жетілдіріп, батыстың рационалдық проективизммен экспериментаторлықты күмәнға алып, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдлерді сақтауға шақырады. Өткен структураларды либералдық сындардан шектеу қоятын бұл ұстанымдаы тарихқа ізгілікпен қарау тұғырнамасы пайдаланылады, заманауи талаптарға сәйкес жауап беру, өзгелердің дайын ұстанымдарын сол күйінде қабылдай бермей, өз мәдениетінің ішкі, әлі ашылмаған потенциалына жаңа ақиқатқа сай қажеттігі талданады. Сонымен қатар, ілгері даму мен инновациялар бұл ұстанымда бекер емес. Алайда, олар бұрынғы консервативті және қорғаушы бастамаларға ұяланады. Бірақ қазіргі күні дін және мәдениет, халықтық пайым-парасаттың дәстүрлі формалары бәрібір түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бүткіл ғаламда біртіндеп, алайда тоқтаусыз жүретін секуляризация процесі қамтылады, бұл қасиетті салаларды адамның рухани ғұмырына бірін-бірін бөліп алып, сокральды-қасиетті ұғымдардың экономика, саясат аймақтарына араласпауды қалайды. Дін — өркениетаралық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқарғанымен, өзінің жалпы көрінісінде адамның жеке тылсымдық ғұмырында көбірек мән береді. Бұл С. Хаттингтонның болжамы. Әрине, оның діни-конфессиялық қайшылықтардан туындайтын субөркениеттер қақтығысының болу мүмкіндігі туралы тұжырымын жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, әлем дамуының әмбебепты тенденциялары әлем-мәдениетіндегі тұтастану-бірігу процесінің тереңдеп бара жатқанын көрсетеді. Әлем барған сайын ашылып, бірегей-толерантты болып келеді.
Мамандар белгілі бір мәдени тұтастықтың ажырамас бөлігі болып табылатын «халық діндерді»  тікелей бір этно-мәдениетпен шектелмеген әмбебап конфессияларды бір-бірінен ажыратып көрсетеді. Халықтық діндер дегеніміз нақтылы мемлекеттік биліктің қасиетті негізі болуға ұмтылатын жүйе. Осы діндер көмегімен харизматикалық басшылар қолдағы билігін нығайтқысы келеді. Бірақ бұл көптеген жағдайда мемлкет адамдардың жеке-құқықтарын шектеуге бағытталуы ықтимал. Әмбебап діндер саяси — әлеуметтік жағдаяттарға бейімделе келе әрекет жасауға тырысады. Сол арқылы нақты қоғамның негізгі құндылықтарын енгізу қызметін атқарады. Дін қоғамда да тұлғалардың саяси-әлеуметтік өміріне тигісзетін ықпалын жочғалтқысы келмейді, тіпті, бір діннің өзі әртүрлі саяси бағыттарға қолдау көрсете алады. Өйткені діндік ағым өзімен-өзі емес, керісінше белгілі бір зайырлылық идеология немесе ұстанымдармен бірге қосылып, адамдардың саяси бағыттарының құндылықтарын құрастырады. Дін қызметі қазіргі таңға дейін толар емес. Миллиондаға мұсылмандар Меккеге қажылыққа аттанады, Рим Папасының діни-уағыздары жүз мыңдаған аудиториясын жинап, буддистік мейрам халық ағынын әкеледі. Тек қана әмбебап діндер дамып қойған жоқ, сол секілді дәстүрлі емес ағымдарға модалық сұраныс қалыптасып, сиқыр мен астрология, изотерия, шығыстық медитация техникалары қарқынды түрде өсіп келеді. Сондықтан осының барлығын ой елегінен өткізіп, зерделеу және мәдени әрекет пен халықтық пайым-парасатқа әсерін орынды қолдану қажет. Сондықтан азаматтық қоғамдағы діни институттардың қызметі тек теориялық қызығушылық тудырып отырған жоқ. Ол, ең алдымен, өзінің геосаяси және тарихи жағдайларымен ерекшеленетін Қазақстан үшінмаңызы аса зор. Біздің егеменді еліміз исламдық, правослвиелік және конфуцийлік сынды үш өркениеттің тоғысқан жерінде тұр. Бұл дегеніміз, қақтығыстардың нағыз жолы болуы мүмкін. Бірақ, егер басқаша қарасақ, Қазақстан аумағында ғасырлар бойы әртүрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімде өмір сүріп келген. Біздің мемлекетіміздегі халықтың күрделі конфессиялдық құрымы елде этно-кратиялық және исламдық мемлекетті құру идеяларының терістігін көрсетеді. Бір ғана дін құндылықтарын әсірелеу біздің еліміздің жағдайында қоғамдағы бөлінуге әкелуі мүмкін. Сондықтан да Қазақстанда жарияланған демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғам құру бағдары дінаралық сұхбат пен келісімді қажет ететіні сөзсіз [8].

Батыс пен Шығыстың қосарлы ықпалды аймақта орналасқан қазақ даласы үшін мәдениет діндер сұхбаты идеясының берері өте мол. Сұхбат ықпалды аймақта орналасқан Қазақстан халқы үшін сұхбаттылық пен адамдар арасындағы сыйластық, құрмет көрсету өмір салты болып кеткен. Оларға құқықтықта, қара күште адамдар бірлестігінің негізі болаламайды. Бұдан да биік тұратын құндылықтар – сұхбатты қалыптастыратын төзімділік және мәміле — келісім болып табылады. Аталмыш құндылықтар кереғарлықты жоқ қылып, ғаламдағы бейбітшілікті қалыптастыруға барын салады. Сондықтан да болар, әлеми діндерінің барлығы аталған құндылықтардың өмірде терең тамыр алуы үшін қолдан келетінін аямайды. Сондықтан діннің халық санасы мен пайым-парасатына оңды әсер етуі үлкен маңызға ие. Бұған байланысты қазақ даласына кең етек жайған ислам дінінің адами құндылықтары, яғни иман мен имандылық мәселелері жеткілікті.  Осы орайда, баршамызға мәлім Құранның шығу барысы өте қызық. Ол алғашқыда пайғамбардың жеке күнделігі ретінде шыққан. Яғни пайғамбарымыз осы кітап арқылы өмір сүру үшін жазылған. Содан кейін дәл осы кітапта жазылған жолмен пайғамбарымыздың артынан ерген үмметтері де жүруге тиіс болды. Олар барлық іс-әрекеті мен ойлау жүйесін, осы кітапқа негіздеуі шарт еді. Мұсылманның қолымен және тілімен ешкімге зардап келтіру емес. Бүгінгі заманда өзінің жүрек тазалығын айтып, адамдарға жақсылып істеп, оларды жақсы көремін, әрдайым солардың қамы үшін жақсылық жолында күресемін дейтіндер өте көп. Бірақ ол жандар өз Тәңірін мойындамаса, жүрек тазалығы туралы қалайша айта алады? Сенім болмаса, онда адамның жүрегі тазаланбайды. Сондықтан ешқандай құны жоқ. Осылайша «амал болмаған иманнан да», «иман болмаған амалдан да» қайыр жоқ. Осы екі жәйтті бір-бірінен ажыратып алып, тек қана жүрек таза деу бос әурешілік. Мысалы, кез келген бір жан өзінің туған жеріне, бүкіл адам баласына жақсылық жасап, пайдасы тиген болса, бірақ ол адам өзі қызмет етіп жүрген елінің заңдылықтарын, ережесін. Білмесе, оны мойындамаса онда ол адам қолға түсіп, жазаға ілікпейді. Осы тәрізді бүкіл әлемнің жаратушысы иесін танымайтын жан елі мен халқына қанша жерден пайдалы қызмет атқарсын, бәрібір де жаратушысын мойындамайтындығы үшін ақыретте жазасын татиды. Әрине, адам баласы әртүрлі көптеген ізгі істерді жасауы мүмкін, бірақта ең әуелі жүректің күпірліктен арылуы лазым. Бұдан қалса бұл жанның жүрегі «Ислам» дінінің нұрымен нәрленіп, Құранның мінезімен гүлденуі қажет. Себебі, қандай да болмасын жүрек Құран мінезінен алысболса ондай жүректің таза да аман болуы әсте мүмкін емес. Хақ тағала Хазреті Дәудке (а.с.) былай деген екен: «ол үйді Мен үшін (тазалап) босат, Мен ол үйге кірейін!». Бұл, жүректің Алладан басқа барлық нәрсені өзінен аластауы арқылы тазалануы және шынайы «сүйіктімен» қауышуы болып табылады. Мұны тек қана халық арасында Хақпен бірге бола алатын, қайнаған халықтың ортасында әрқашан жүрегі Алла деп соғатын жандар ғана жүзеге асыра алмақ. Хақ жолындағы ардақты жолбасшымыз және пайғамбарымыз: (с.а.у.) «Адам бір күнә істегенде жүректе қара дақ пайда болады, бірақ адам өкініп тәуба жасаса жүрек қайта нұрланады»,-деген екен [9, 45-б]. Бұл хадис-шәрифке назар аударсақ, «сәлим» яғни аман-таза жүректің тек қана күнәлардан арылған және бүлікшіл (фитна) емес рухтарда ғана болатындығын аңғарамыз. Жасөспірімдерді ата-анасының тілін алмағаны үшін тәрбиесіз деп сөгеміз, бірақ Раббымыздың әмірімен барлық парыз болған ғибадаттарды орындамаудың Аллаға бүлік жасау екендігіне мән бермейтіндігіміз өкінішті-ақ.

Жүрек (сәлим) тазалығының белгісі ретінде – хазіреті пайғамбарымыздың (с.а.с) керемет ахлағына сәйкес ахлақ иесі болуға тырысып бағу. Өйткені пайғамбарымыз (с.а.с)  барша істерінде үмбеті үшін нағыз үлгі де, өнеге.

Кез-келген адам өзінің мінезін пайғамбарымыздың (с.а.с) мінезіне сәйкестендіргенде ғана таза жүрек иесі болып саналады. Осылар хазіреті пайғамбарымыздың (с.а.с)  бізден қалауы, осындай ниетпен қызмет еткенде жүрегімізді кірлететін істерге уақыт та қалмайды және жүрек тазалығына да кенелер едік. Ендеше, ақыретте мүміннің кәдесііне жарайтын мал — мүлік, бала — шағаның көптігі емес жүрек тазалығы болып саналады. Ғұмырыңды ізгілікпен өткізу, артыңа жақсылықар қалдыра өлімге қауышу мен осындай игіліктеріңмен қайта тірілу, ақыретте Кәусар бұлағының бастауына ұласу, ардақты пайғамбарымыз (с.а.с)  тарапынан ұзақтан таныла білу, міне бұлар мүминнің аңсаған арманы болар. Сүйікті пайғамбарымыз: «мен үмметімді танимын» дегенде, қалай танитындығы сұралған, сонда ол, «Сіз, маңдайы қасқа, аяқтары ақ, сәйгүлікті жүздеген, мыңдаған аттың арасынан қалай танысаңыз мен де үмметімді дәрет алып «тазаланған» ағзаларынан дәл солай танитын боламын», – деген екен. Алла елшісі қаумын «Жүзденіде сәжденің іздері бар» [10, 49:29] аят жолымен бекітіле түскен жүздеріндегі сәжде ізінен және дәрет алып (тазаланған) ағзаларынан танитын болады.

Иманды болу — иманның талаптарын орындаумен мәнді бола түспек. Сенімнің талаптары болса, діннің мүміндерден жасалуын талап еткен міндеттер мен жауапкершіліктер болып табылады. Дәрет сынды әрі сыртқы әрі рухани негізі бар тазалықты орындамастан намаз оқылмайтыны белгілі. Сәждеге бас қою адам баласын неше түрлі теріс әрекеттер мен жамандық атаулыдан алытатып, қорғайды. Ауыз бекітудің пайдасы мол. Ол адамның рухын, сана-сезімін, ақыл-парасатын, ниеті мен пиғылын кемелдікке жеткізеді. Нәпсіні жеңуге септігін тигізеді. Ораза ұстау арқылы біз Тәңірге бір табан болса да жақындап, оның алдында адал екендігімізді дәлелдей аламыз. Рухани тұрғыда байып, жаман, теріс ойларға жол бермейміз. Қажылық құлшылығы болса адамның ішіндегі өзімшілдік, тәкәппарлық және өзін басқалардан артық көрушілік сынды сырқаттардан арылтады. Бейне бір анасынан жаңа туғандай кіршіксіз пәк етеді. Осы құлшылықтарды орындамастан адамдағы жүрек тазалығын тілге тиек ету оңай емес. Ендеше, жүрек тазалығының айқын бір белгісі,  ол – адам баласының өзіне парыз болған құлшылықтарды орындауы болып табылады.

Мұның барлығы діннің адамның ішкі рухани жан дүниесіне әсері, өзін-өзі тәрбиелеудегі әртүрлі керағар құбылыстардан арылуға ең жоғарғы деңгейде дәйектей түседі. Адами құндылықтар – иманнан бастау алатыны сөзсіз. Бабалар өнегесінен иман мен имандылық ұғымы осы болса керек.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Әл-Фараби философиясы//Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 томдық. – Астана: Аударма, 2005. 2 том. – 460 б.
  2. ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы/редактор Дербісалиев Ә. – Алматы: Ғылым, 1982. – 308 б.
  3. Сборник материалов по мусульманству. Том 2//Под ред. Наливкина, В.П. – Ташкент: Типо-Литография бр. Порцевых, 1990. – с. 32
  4. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең – Алматы: Ғылым, 1999. – 256 б
  5. Ғабитов Т.Х. Қазақ философиясы: ұлттық идея кеңмәтінінде. – Алматы: «Раритет», 2010. – 241 б.
  6. Уәлиханов Ш.Ш. Қытай империясының батыс өлкесі//Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1980. – 136 б.
  7. Сейдімбеков А.С. Күңгір-күңгір күмбездер. – Алматы: Өнер, 1984. – 240 б.
  8. Бейбіт мәдениет жолында // редактор Нұржанов Б.Ғ. – Алматы: ҚазҰУ – ЮНЕСКО, 2000. – 176 б.
  9. Кенжалиев К. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 125 б.
  10. Құран Кәрім. Қазақша аудармасы. Халифа Алтай. 1991 ж. 700 – б.