Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Бакалавриат

Бакалавриат – заманауи, болашағы бар, толыққанды және сапалы білім алу бойынша әлемнің барлық дамыған елдері мойындаған мейлінше ұтымды бағыт. 

Бакалавр дипломы мемлекеттік үлгідегі толыққанды жоғары білім туралы диплом болып табылады.  Ол жоғары білім талап ететін лауазымға орналасуға және магистратурада оқуды жалғастыруға негіз болады.

 жоғары білім алу деңгейі мен кәсіби дайындық бағыты бойынша  бакалавриатты таңдау бірқатар артықшылықтарға ие:

•  «Бакалавр» біліктілігі дәстүрлі «дипломды маман»-ға қарағанда халықаралық классификация  бойынша қабылданған және дүниежүзіндегі, ең алдымен мейлінше экономикалық дамыған елдердегі барлық жұмыс берушілерге түсінікті.

• Бакалавр даярлаудың орнықтылығы Сізге, қажет болған жағдайда, кәсібіңізді оңай ауыстыруға мүмкіндік береді.  Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес әртүрлі  бағытта бакалаврлар даярлау бағдарламасы, сәйкес мамандықтар тізбесі бойынша, кез келген мамандыққа  бір жыл ішінде ауысуға мүмкіндік беруге арналған.

Оқудың несиелік жүйесі – оқушылар белгілі бір шекарада оқу бағытын жеке жоспарлауға мүмкіндік беретін оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі.

Кредит (Credit, Credit-hour) – оқушы/оқытушы жұмысының көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік.  Оқу үрдісін несиелік технология бойынша ұйымдастыруда 1 несие аптасына 3 сағаттық жұмысқа тең деп есептеледі. Сонымен қатар 1 академиялық сағат студенттің 2 сағаттық өзіндік жұмысымен (оқу құралдарымен жұмыс, үй тапсырмаларын орындау және оқытушымен бірге жұмыс) қоса жүреді.

Кредиттік технологиямен оқытудың негізгі мақсаттары:

• студенттердің білім көлемін біріздендіру;

• мейлінше жекелендіріп оқыту;

• өзіндік жұмыстың ролін арттыру.

Әр пән бойынша білім сапасы оқытудың үш сатысында балды-рейтинг жүйесі бойынша бағаланады:

• ағымдағы бақылау (тапсырманы орындау, сабаққа қатысу және басқалар.);

• аралық бақылау (8 және 15 аптада тест түрінде, бақылау жұмысы және т.б.);

• емтихан (егер ағымдағы және аралық бақылау жұмыстарындағы балы жеткіліксіз  болса, студент емтиханға жіберілмейді).

Әр этапта 0-ден 100-ге дейін балл (рейтинг) қойылады және орташа GPA ауыстыру балы есептеледі. Ол семестрдегі барлық пәндер бойынша балдар саны мен несиелер санына қарай есептеп шығарылады.

Егер студент пән бойынша тиісті балл алмаса (60%-дан 100%-ға дейін) , онда оған бұл пәнді қайта алуына тура келеді. Бұл — Retake (ритэйк) деп аталады.


 БАКАЛАВРИАТ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ПАСПОРТЫ