Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Түлектер университет жайлы

Смағұлов Мұрат Нурмухамбетович

ҚР Қоғамдық даму министрлігі
Қоғамдық келісім комитеті 
Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы

Өзге діндер жайлы кешенді білім алуымен қоса, университеттегі ислам дінінің түрлі қырларын зерттеуге аударылған ерекше назардың арқасында Нұр-Мүбарак түлектері сыңаржақ пікірлер мен қате тұжырымдардан аулақ, кең дүниетанымды жас ғалымдар ретінде қалыптасады. Университет ұжымына ғылым кеңістігін сауатты мамандармен толықтырудан қажымаңыздар дегім келеді.                                                                                                                                                      

Манабаев Бағдат Маханұлы
Нұр-Мүбарак ЕИМУ Араб және ағылшын тілдер кафедрасының меңгерушісі

Нұр-Мүбарак университетінің дінтанушы түлектері өзге университеттерден араб тілін меңгеруімен және бүгіндері бүкіл әлемді бей-жай қалдырмаған ислам дінін жақсы тануымен, оның негіздеріне қанығуымен ерекшеленеді. Сапалы білім ұсынған университетке айтар алғысым шексіз.   

Ноғаев Асылбек Әуезханұлы 
ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры.

Қоғамды ағарту жолында аянбай еңбек етіп жүрген отандық ғалымдардан, әлемдік деңгейде мойындалған шетелдік ғалымдардан сабақ ала жүріп, біз болашақ қызмет үшін құнды теориялық және тәжірибелік негіздерді меңгердік. Университет ұжымына ризашылығымды білдіремін.                     

Дәрібаев Жеңісбек Анафияұлы
Қызылорда облыстық  ішкі саясат басқармасының дін мəселелерін зерттеу орталығының «оңалту» бөлімінің басшысы

Қоғамға пайдалы азамат болып, халыққа қызмет ете алу үшін қажетті негізгі ілім мен маңызды қабілеттерді біз Нұр-Мүбарак университетінің қабырғасында жүріп меңгердік. Шәкірттерді үлкен өмірге дайындауға ынты-шынтысымен кірісетін оқытушылар құрамына, жан-жақты, толыққанды білім алуға мүмкіндік жасап отырған университет ұжымына алғыстан өзге айтарым жоқ.

Жанболат Тологон 
Түркия Республикасы, Измир қаласы, 9 Ейлюл университетінің PhD докторанты

Нұр-Мүбарак университеті жас маман бойында ең маңызды қабілеттерді қалыптастыруға бағытталған әдістемелік, ғылыми ресурстарға ие. Ел қамы үшін қызмет етер азаматтарды тәрбиелеп отырған білім ордасының мерейі үстем бола берсін демекпін.

  Ишмаханов Жандос Жетесұлы
Нұр-Мүбарак  ЕИМУ Дінтану кафедрасының аға оқытушысы

Бұл университетте Дінтану мамандығын алып шыққан тұлға әмбебап қызметкер ретінде бағаланады. Жарқын болашаққа бағдар бере білген университет ұжымы еңбегінің жемісті бола беруін тілеймін.