Оқу-әдістемелік Басқарма басшысының негізгі міндеттері:
- Кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша және ҚР «Білім туралы» Заңына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен нормативті актілерге сүйене отырып, Университеттегі білім беру қызметін ұйымдастыру;
- Оқыту сапасы мен оқу процесінің тиімділігін жоғарлату
- Университет кафедраларының оқу жұмысын координациялау
- Оқу процесінің ұйымдастырылуы бойынша іс-шараларды жоспарлау және олардың орындалуын бақылау;
- Оқудың барлық түрлері бойынша барлық мамандықтардың негізгі және жұмыс оқу жоспарларын ұйымдастыру, келісімге әзірлеу;
- Барлық мамандықтар бойынша оқу жоспарларының орындалуын бақылау, кафедралардың оқу жұмысын тексеру;
- Қорытынды мемлекеттік аттестациясын өткізуді координациялау және бақылау;
- Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының қозғалысы және сан есебін бақылау;
- Бұйрықтардың, өкімдердің, жоғарыдағы ұйымдардың көрсеткіштері мен нұсқаулардың, оқу процесінің өткізуін және ұйымдастыру сұрақтары бойынша ҒӘК мен оқу кеңестерінің шешімдерінің орындалуын бақылау.
Офис-регистратордың негізгі қызметтері:
- Жаңа ғылыми-инновациялық жаңалықтар негізінде оқу үдерісін ұйымдастыруды үнемі жетілдіру;
- Бекітілген жұмыс оқу жоспары негізінде, білім алушылардың жеке оқу жоспарын жасауға, орталықтандырылған онлайн тіркеуін, пәндердің таңдамалылығын және еркіндігін қамтамасыз ету; Білім алушыға оқытушыны таңдауға мүмкіндік беру;
- Білім алушының оқу траекториясын таңдауда эдвайзерлердің көмегі болуын қамтамасыз ету; Білім алушыларға оқытылатын пәндерге тіркеу және қайта тіркеу кезінде кеңес беру;
- Білім алушыларға оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін түсіндіру, үлгерімнің орташа балы – GPA, кредит ұғымдары туралы түсінік беру;
- Білім алушылардың білімін тексеретін ағымдық, аралық бақылау, қорытынды бақылауларды ұйымдастыру, өткізу және қорытындысын жасау; Білім алушылардың үлгерімі туралы транскриптін құру;
- Қорытынды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру.
Студенттік бөлім меңгерушісінің міндеттері:
- Студенттер контингенті бойынша бірыңғай бұйрықтар дайындау;
- Бұйрыққа сәйкес студенттер санының өзгеруін өңдеу;
- Студенттердің жеке іс-құжаттарын сақтау;
- Қатаң есеп бланкілеріне (академиялық анықтамалар,дипломдар) және студенттік билеттер мен сынақ кітапшаларына тапсырыс беру, тіркеу және университет бойынша тарату;
- Құжаттарды мұрағатқа тапсыруды рәсімдеу;
- Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жеңілдіктер беру туралы бұйрықтарды әзірлеу;
- Статистика басқармасы үшін Ф-3НК есебін дайындау;
- ҚР БҒМ білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік есептілікті бекіту туралы есебіне қажетті нысандарды дайындау және тапсыру;
- Университетке қабылданған студенттердің жеке іс-құжаттарын қабылдау комиссиясынан түгелдеп қабылдап алу.
- Тиісті орындарға студент контингенті туралы мәлімет беру.
ЖОО дан кейінгі білім беру бөлімі меңгерушісінің міндеті:
- Оқу басқармасы бекіткен жоспарды қатаң атқаруға;
- Жылдық жұмыс жоспарының бекітілген мерзімде іске асырылуына;
- Жаңа мамандықтарға магистратура, PhD докторантура бағыттары бойынша лицензия және сертификаттар алуға;
- Магистратура, PhD докторантураға арналған арнайы теориялық методологиялық семинарлар ұйымдастыруға;
- Магистратура, PhD докторантураға түсетін талапкерлерден емтихан қабылдау үшін магистратураға қабылдау комиссиясын ұйымдастыруға;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-теориялық деңгейін эксперттер тағайындау тақырыптардың приоритеттілігін, көкейтестілігін, практикалық маңызын сараптап отыруға;
- Университет ректоры және проректор бұйрықтарын жоғарыда аталған мәселелер шеңберінде орындалуын қадағалауға;
- Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және ұйымдастырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары кәсіби білікті кадрлармен қамтамасыз етуді жүйелі негізге қоюға;
- Магистратура, PhD докторанттардың сабақ кестесін түзу және олардың сабаққа қатысуын қадағалау;
- Сабақ және сынақ-емтихан кестелерінің сапалылығымен, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкестігін бақылау және оларды бекітуге ұсыну:
- Барлық атқарылатын нормативтік құжаттар Оқу бөлімі меңгерушісі атынан іске асырылады.
Диспетчер міндеттері:
- Сабақ кестесін түзеді, бекітеді;
- Сабақ, сынақ, емтихан, қосымша сабақ, студенттердің өзіндік жұмыс және түрлі іс-шараларды өткізу үшін аудиториялар белгілейді;
- Дәрістердің бекітілген кесте бойынша өтілуін қадағалайды;
- Университеттің аудитория қорын күнделікті тексеріп, ондағы қажетті заттардың дайындығы мен кемшілігі туралы есеп жүргізеді;
- Кафедралардан мамандықтар бойынша әр семестрге сабақ кестесін жасауға өтініштер қабылдайды;
- Оқытушылар мен студенттердің еңбек тәртібі сақтауын үнемі қадағалап отырады және жіберген кемшіліктерді түзету жолын қарастырады;
- Кафедрамен бірлесіп студенттердің сабаққа қатысуын қадағалайды және есеп жүргізеді;
- Жалпы университет кафедраларында профессор-оқытушылар жүктемелерінің, оқу ғимараттарының орналасуына, аудитория қорына қарай тиімді бөлінуін іске асырады.