Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Әбу Хамид Әл-Ғазалидің «Ахлақ»ілімі

«Әбу Хамид Әл-Ғазалидің «Ахлақ»ілімі» кітабының авторы: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіндегі Академиялық мәселелер департаментінің директоры, дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сандыбаев.

Монографияда ортағасыр мұсылман ойшылдарының саңлақ тұлғасы – теолог, ғалым, мұсылман әлеміне «Худжату әл-ислам» (Ислам айғағы), «Зинату әл-ислам» (Ислам әшекейі), «Мухий әд-дин» (Дінді жандандырушы) атанған Әбу Хамид әл-Ғазалидің рухани-адамгершілік ілімі жалпы адамзаттық құндылық ретінде тарихи-діни және философиялық қырынан жан-жақты сарапталған.

Еңбекте әл-Ғазали мен қазақ даласының ұлы данышпаны Абайдың адамгершілік ілімдерінің сабақтастығы зерделенген.

Кітап қазіргі гуманитарлық сала мамандарына, дінтанушылар мен исламтанушыларға, тарихшыларға арналған. Сондай-ақ теология мен исламтану бойынша бакалавриат, магистратура, PhD докторантурада білім алушыларға қосымша ғылыми еңбек ретінде ұсынылады.