«ӘБУ ХАНИФА және ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ»

Авторлары: PhD докторлары Алау ӘДІЛБАЕВ, Шамшат ӘДІЛБАЕВА.

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің қос ұстазы  жазған  кітапта ұлық имам Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы, ғалым ретінде қалыптасуы, тұлғалық қасиеттері, өскен ортасы мен сол дәуірдегі тарихи жағдай кеңінен сөз болады. Бұған қоса, ғалымның ақида мен фиқһ саласында қалдырған айшықты қолтаңбасызерделеніп, Ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы, өзіне тән ерекшеліктері секілді т.б. маңызды тақырыптар түсіндірілген.

Еңбек Имам Ағзамның өмірі мен Ханафи мәзһабын тануға қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.

«Көкжиек» баспасы, 2014 жылы жарық көрген.