Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

АДАСУДАН ҚҰТҚАРУШЫ (ӘЛ-МУНҚИЗ МИН ӘД-ДАЛАЛ)

Адасудан құтқарушы (әл-мунқиз мин әд-далал) кітабында   ортағасырлық ғұлама Әбу Хамид әл-Ғазалидың ақиқатты іздеу жолындағы машақаты мен жан дүниесіндегі арпалысы өз тілімен баяндалады. Сондай-ақ заманында ақиқатқа ұмтылған топтарға деген сыни көзқарасы мен тұжырымдары қамтылған. Туынды ортағасырларда жазылғанымен өмірдің ең басты сұрақтарына жауап беру тұрғысынан құндылығын әлі де жоғалтпаған.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

Бұл Ғазалидың жан дүниесіндегі арпалысты өз қаламымен жеткізген автобиографиялық сипаты бар еңбек. Сонымен қатар V/ХІ ғасырда ислам әлеміндегі сенімдік және философиялық бағыттар жайлы мәлімет беретін деректік құны бар.

Еңбекті оқып отырып атақты ислам ғалымының ақиқатқа жетудегі табандылығын, әрі ілімді тыңғылықты зерттеп барып қана айтқан тұжырымын, мұсылман адамның бойынан табылуы тиіс парасаттылық пен даналықтың үлгісін көруге болады. Еңбек батыс пен шығыс әлемінде ерекше қызығушылық тудырған. Француз, ағылшын, хинди, парсы т.б. тілдерге аударылды. Кейбір тілдерде бірнеше мәрте басылып шыққан.