«АРАБ БАСПАСӨЗІНІҢ ТІЛІ»

Авторлары: филол.ғ.докторы, профессор Шамшәдин КЕРІМ және ғ.д. Махмуд ФУАД

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің проректоры, профессор, филол.ғ.д. Шамшәдин Тұрсынұлы КЕРІМ мен ғылым докторы Махмуд ФУАДТЫҢ бірлескен жобасы.

Араб тілі – Құран тілі, ғылым тілі. Араб тілі әлемдегі ең бай әрі көркем де сан-салалы, яғни күрделі тілдердің қатарына жатады. Сондықтан, бұл тілді меңгеру – ғылыми әлемнің  бір тұтқасын ұстағанмен тең. Ал уақыт өтіп, заман озып, қоғам дамыған сайын тілге де жаңа сөздер еніп, күрделене түсетіні белгілі. Әрі әр саланың өзіне тән тілдік қоры болатындықтан, қазіргі заманғы араб баспасөзінің  тілін меңгеру де маңызды мәселелердің бірі. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шамшәдин Керім мен Махмуд Фуадтың «Араб баспасөзінің тілі» атты кітабы  студенттерге араб мерзімдік басылымдарын оқып түсінуге, аударуға, сөздік лексикасын меңгеріп, қолдануға машықтандыру әрі жаттықтыру мақсатында пайдаланылады.  Негізінен шығыстану, шет тілі; екі шет тілі, аударма, аймақтану, халықаралық қатынастар мамандықтарына арналған. Оқу құралы «Нұр-Мүбарак» баспасынан 2008 жылы жарыққа шыққан.