
Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің проректоры, профессор, филол.ғ.д. Шамшәдин Тұрсынұлы КЕРІМ жазған «Араб елдері» кітабы оқу құралы әрі тілдік елтану болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген 050119-шет тілі: екі шет тілі мамандығының мемлекеттік стандартына, типтіп оқу бағдарламасына сай жасалған. Кітап «шығыстану», «халықаралық қатынастар», «аймақтану», «аударма» мамандықтары бойынша, сондай-ақ арнаулы курс ретінде оқыту үшін, «елтану», «тілін оқып отырған елдер тарихы» пәндеріне қосымша құрал ретінде пайдалануға арналған.
Оқу құралының мақсаты – араб елдерінің географисы мен тарихы, араб мемлекеттерінің қалыптасу жолдары, билік-басқару жүйелері, саяси құрылысы, әлеуметтік жағдайы туралы мәлеміттермен таныстыру, экономикалық дамуына, өндірісінің және ауылшаруашылығының өсуіне шолу жасау. Кітап жоғары оқу орын студенттерімен қатар саяхатшы, жиһангездерге де аса пайдалы.
«Нұр-Мүбарак» баспасы, 2008 жыл.