«ДАНАЛЫҚ ТАМШЫСЫ»

авторы: докторант, исламтанушы Қуат Қабдолда

 

 

Бұл кітап көп жылғы зерттеп жүрген уақып тақырыбы мен оқырманға ой саларлық, уағыз ретінде жазылған ғибратты оқиғалар мен әңгімелерді қамтиды. Еңбек исламтанушы, дінтанушы мамандарға ғана емес жалпы көпшілік қауымға арналады. Кітап Қазақстан Республикасы Дін істері комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрінің «дінтану сараптамасын жүргізу» талаптарынан өтіп, оң бағаға ие болған.

Нұр-Мүбарак университетінің алғашқы түлектерінің қатарындағы  исламтанушы Қуат Қабдолда ел ішінде имамдық қызмет атқарып, Мысыр елінде араб тілін жетілдіріп, Нұр-Мүбарак университетінің магистратурасын тәмамдап, ұстаздық қызмет атқарып, бүгінде докторантура бөлімінде ғылымға бет бұрған. Бірнеше кітаптары жарық көрген, яғни оқығаны мен өмірден түйгені мол және оларды ұштастырып кітап бетіне түсіріп, қазақ оқырмандарына жаңа туынды ұсынуда. Сондықтан бұл кітаптың кез келген оқырман үшін тағылымы мен пайдасы өлшеусіз екені даусыз.

«Дайыр» баспасынан 2018 жылы шықты, 128-беттен тұрады.