Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

ФИҚҺ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ПІКІР АЛУАНДЫЛЫҒЫНА ХАДИСТІҢ ӘСЕРІ

Кітаптың авторы: ғалым Мұхаммед Аууама.

Ғалымның еңбегіне көз жүгіртсеңіз, тұжырымдардың дәлдігі мен нақтылығын әрі ынсаптылықпен жазылғанын анық байқауға болады. Сондай-ақ бұл еңбектің ерекшелігі – әрбір мәселеге бір емес төрт мазһаб бойынша талдау жасалынған.

Кітапта діни мәтіндерді, нақтырақ айтқанда хадистерді түсінудің ғылыми негіздері мен методологиясы, хадис мәтіндерін фиқһ ілімінің өлшемдерімен және лингво-семантикалық, прагматикалық тұрғыда кешенді зерттеудің маңыздылығы баяндалады. Сондай-ақ еңбекте қазіргі таңда қоғамдағы діни алауыздықтың туындауына әсер етіп отырған теріс ұстанымдар мен көзқарастарға нақты ғылыми дәлелдермен жауап беріледі.

Дін қызметкерлері мен докторанттарға, магистранттар мен студенттерге және  көпшілік оқырман қауымға арналған.