«ХАДИС – ҒҰРПЫМЫЗ, СҮННЕТ – САЛТЫМЫЗ»

  Авторы: PhD докторы  Шәмшат ӘДІЛБАЕВА

 

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, дінтанушы  Шәмшат Әділбаеваның  «Хадис – ғұрпымыз, Сүннет – салтымыз» кітабы  халқымыздың қанына сіңген имандылықтың ғылыми дәлелі іспеттес. Кең байтақ қазақ даласына, халқымыздың тыныс-тіршілігіне Ислам діні мен мәдениетінің  қаншалықты әсер еткенін көрсетеді. «Бұл өз кезегінде «қазақтар шаман болған, отқа табынған, буддист болған, көк тәңірге табынған» деген сияқты көзқарастарды желеу етіп, елімізде ислам дінінің қанат жаюына тосқауыл жасамақ жат пиғылдарға тұшымды жауап»,-дейді кітапқа алғы сөз жазушы көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Кітапта хадис пен сүннет сөздерінің мағыналары, дініміздегі орны, мұсылмандар өміріндегі маңызы, халқымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі рөлі, рухани құндылықтары мен көркем мәтіндеріндегі мән-маңызы  жан-жақты, бірнеше бөлімдер арқылы түсіндіріледі. Сондықтан  бұл кітап ұлт тағдыры, ділі мен мәдениетінің жанашырларына және барша оқырман қауымға арналған.

Кітап 2011 жылы оқырманға жол тартқан.