Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

ХАДИС ІЛІМІ

Кітапта исламның екінші қайнар көзі болып табылатын пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистеріне жүйелі тарихи талдау жасалады. Сондай-ақ, хадис ілімінің дамуы мен қалыптасуына әсер еткен себептер кеңінен қарастырылады. Хадис саласында алғашқы кезде жазылған танымал хадис жинақтары туралы мол мәліметтер мен хадистану салаларының бірі – «хадис терминологиясы ілімі» қамтылады.

Кітаптың авторы: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев.

Еңбек исламтанушыларға, магистранттар мен студенттерге және жалпы ислам ілімдеріне қызығушылық танытқан оқырман қауымға арналады.