Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Ханафи хадис әдіснамасы

«Ханафи хадис әдіснамасы» кітабының авторы: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану мамандығы бойынша PhD доктор, Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы.

Монографияда Орталық Азия, соның ішінде қазақ халқының сан ғасырлық діни тәжірибесінің негізгі желісін құраған ханафи құқықтық мектебінің   хадис әдіснамасы зерттеледі. Ханафи ғалымдарының діни үкімдер шығаруда Құраннан кейінгі екінші қайнаркөз саналатын хадстерді негізге алуға қатысты ұстанымдары сараланады.

Еңбек ғалымдарға, дінтану мен исламтану мамандықтары бойынша білім алушы докторанттар мен магистранттарға, студенттерге, дін мамандарына арналады.