«ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ»

  Авторы: PhD докторы  Алау  ӘДІЛБАЕВ

 

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің оқытушысы, дінтанушы  Алау Әділбаевтың «Ханафи мәзһабы» кітабы жоғары оқу орындарында «Исламтану», «Дінтану» , «Теология» мамандықтары бойынша білім алушы бакалавр, магистр, студенттерге және ислам ілімдеріне қызығушы оқырман қауымға арналған.

Ханафи мәзһабы, оның қалыптасуы, үкім шығаруда қолданған дәлелдері және үкім шығару әдістері мен сол жолда ұстанған қағидалары жан-жақты қарастырылған.

Жалпы алғанда, Ислам әлемінің, жалқы алғанда, өзінің атымен аталататын ханафи ислам ойлау жүйесінің негізін сонау ерте заманда қалаған дарабоз ғалымдардың бірі.

«Ханафи фиқһы – аят-хадистер негізінде жүйелі ойлаудың үлгісі, адам баласының сенім, ғибадат, ахлақ, жан-дүниесі мен сыртқы көрінісі арасында тепе-теңдікті негізге алған, уақыт өте келе  бір жүйеге түсіп, үлкен мектепке айналған , әлемнің түкпір-түкпіріне тараған , төзімділікті насихаттайтын даңғыл жол»,- дейді кітап алғы сөзінде.

114 ғылыми дереккөз пайдаланылған еңбек 11 тараудан тұрады. Сондықтан бұл кітап кез-келген білім ізденушісінің танымын  пайдалы, нақты ғылыми деректермен байыта түсері сөзсіз.